Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауда орындарын анықтау туралы (2009.29.06. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына және 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27-баптарына, «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 Қаулысына, ішкі нарықты өніммен молықтыру және тұтыну базарларда бағаларды тұрақтандыру мақсатында, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сауда қызметін көктемгі-күзгі маусымда реттеу мақсатында Қостанай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009.29.06. № 1268 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қостанай қаласының аумағында автомашиналардан, сөрелерден, шатырлардан көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін мына орындар анықталсын: 1) жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сату үшін, 1-қосымшаға сәйкес орындарда; 2) саяжай учаскелерден көк желектер, көшеттер, тұқым, жеміс-көкөніс өнімдерін, жеміс-жидек өсімдіктерін сату үшін, 2-қосымшаға сәйкес орындарда; 3) балмұздақ, салқындататын сусындар және квас сату үшін, 3-қосымшаға сәйкес орындарда; 4) мектеп құралдары мен киімдерін сату үшін, 4-қосымшаға сәйкес орындарда; 5) ауыл аймақтарынан жеткізілетін жұмыртқа және сүт өнімдерін іске асыру үшін, 4-1) қосымшаға сәйкес; 2. Сауда қызметін жүзеге асыру, сатылатын өнім түріне орай, уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін, осы қаулымен анықталған орындарда жіберіледі, 5-қосымшаға сәйкес. 3. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар сауда орнын орналастыруын келісуді он күннен астам емес мерзімде жүргізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|