|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасында: «Бірінші кезектегі шараларды іске асырудың жолдары мен тетіктері» деген 5-бөлімде: «Ғылыми-негізделген агротехнологияның сақталынуы негізінде егіншілікте өңірлік мамандану» деген §1.1-параграфта: «Шаралар» деген кіші бөлімде: «Қазагрэкс» АҚ қайта ұйымдастыру жолымен тұқым сапасын сараптау жөніндегі мемлекеттік мекеме құру» деген он бесінші абзац алынып тасталсын; «Өсімдік шаруашылығының кластерлік басым бағыттары негізінде тігінен және көлденеңінен ықпалдасқан өндірісті құру» деген § 1.6-параграфта: «Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Тоқыма өнеркәсібі» кластерінде»: «Шаралар» деген кіші бөлімде: бесінші абзацта «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС» деген сөздер алынып тасталсын; «Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі инновациялық жобалар» деген § 1.8-параграфта: «Міндеттер» деген кіші бөлімде: бірінші абзацта: «Астық және оның қайта өңдеу өнімдері ҒЗИ» ЖШС» деген сөздер «Тамақ өнеркәсібі және биоотын ҒӨО» ЖШС» деген сөздермен ауыстырылсын; «Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету» деген § 1.9-параграфта: «Қаржылық қамтамасыз ету*» деген 11-кестеде: реттік нөмірі 16-жолда: 4-бағанда «142,7» деген сандар «39,3» деген сандармен ауыстырылсын; 5-бағанда «104,5» деген сандар алынып тасталсын; реттік нөмірі 22-жолда: 2-бағанда: «С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» ЖШС қатысуымен «Астық және оның қайта өңдеу өнімдері ҒЗИ» ЖШС» деген сөздер «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның қатысуымен «Тамақ өнеркәсібі және биоотын ҒӨО» ЖШС» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-баған «30,0» деген сандармен толықтырылсын; 4, 5-бағандарда «330,9», «186,1» деген сандар алынып тасталсын; «Барлығы» деген жолдың 3, 4, 5-бағандарында «29682,1», «42390,2», «41206,3» деген сандар «29712,1», «43152,5», «39822,9» деген сандармен ауыстырылсын; «Қызмет көрсету инфрақұрылымдарын және өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйелерін дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету» деген § 4.7-параграфта: «Қаржылық қамтамасыз ету*» деген 25-кестеде: реттік нөмірі 28-жолдың 4, 5-бағандарында «2360,5», «5020,0» деген сандар «2660,4», «2704,6» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын; реттік нөмірі 31-жолдың 5-бағанында «220,0» деген сандар алынып тасталсын; реттік нөмірі 32-жолдың 4, 5-бағандарында «550,5», «2824,6» деген сандар «0,349», «500,0» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 33-жолдың 5-бағанында «0,6» деген сандар «0,65» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 34, 35-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 36-жолдың 4, 5-бағандарында «636,1», «680,0» деген сандар «274,7», «207,5» деген сандармен ауыстырылсын; «Барлығы» деген жолдың 4, 5-бағандарында «50091,63», «66943,7» деген сандар «49232,78», «61065,05» деген сандармен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде: «Ғылыми-негізделген агротехнологияның сақталынуы негізінде егіншілікте өңірлік мамандандыру» деген кіші бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.1-1, 1.1-2 жолдармен толықтырылсын: «
«; реттік нөмірі 1.20-жол алынып тасталсын; реттік нөмірі 1.66-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда баяндалсын: «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның қатысуымен «Тамақ өнеркәсібі және биоотын ҒӨО» ЖШС базасында «Астана» ұлттық агротехнологиялық паркін құру»; «Қызмет көрсету құрылымын және өнімнің қауіпсіздігін және сапасын бағалау жүйесін дамыту» деген 4-бөлімде: реттік нөмірі 4.16-жолдың 2, 3-бағандары мынадай редакцияда жазылсын: «АШМ» Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» ММ-ны Астана қаласына көшіру мәселесін пысықтау», «ҚРҮ-не ақпарат»; 5-бағанда «2007 жылдың» деген сөздер «2008 жылдың» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-бағанда «РБ» аббревиатурасы «Қаржылық шығындарды талап етпейді» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 4.46, 4.48-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 4.58-жолдың 2-бағанында «ҚазМАТУ» аббревиатурасы «ҚазАТУ» аббревиатурасымен ауыстырылсын; «Ескерту» абзацында: «ҚазМАТУ» «С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын» деген сөздер «ҚазАТУ» «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ауыл шаруашылығының Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС» «Ауыл шаруашылығының Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектелу серіктестігі» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚАИ» АҚ - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы»; «АҚРҒӘО» ММ - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |