Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 106-iv ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын үкіметтердің атынан осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін электр энергетикасының маңызы зор екенін ескере отырып, отын-энергетикалық және су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, осы негізде өзінің электр энергиясына қажеттіліктерін қанағаттандырудың қажеттігін мойындай отырып, энергия ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігінің өсуін, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайларында отын-энергетикалық және су шаруашылық кешендерінің жұмыс істеуі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында, мамандандырудың, кооперациялау мен технологиялық өзара байланысты өндірістердің ұзақ мерзімді негізінде дамыту мен қолдаудың орындылығы қағидатына орай, энергетикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға ұмтыла отырып, 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық Хартияның және Энергетикалық Хартияның 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Шартының, 1998 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы жүйелерінің орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы шартының ережелерін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар қолданылады: отын-энергетикалық ресурстар - технологиялық процестерде пайдаланылатын немесе энергияның басқа түрлеріне өзгертілетін, жаққан кезде едәуір мөлшерде жылу бөлетін жанармай заттарының көздері; материалдық-техникалық ресурстар - салалық және салааралық мақсаттарға арналған шикізат, материалдар, тораптар, тетіктер, қосалқы бөлшектер, дайындамалар, жинақтаушы және басқа да бұйымдар; ресурстардың резервтері - отын-энергетикалық және материалдық-техникалық ресурстардың алдын ала құрылған қорлары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|