|
|
|
Француз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы қаржыландыру туралы хаттама
ҚР 2001 жылғы 11 шілде № 232-II Заңымен хаттама бекiтілді
Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ету үшiн Француз Республикасының Yкіметі мен Қазақстан Республикасының Yкіметі өздерiн бiрiктiретiн достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында осы Хаттаманы жасасуға уағдаласты.
1-бап - Қаржылық көмектiң сомасы мен объектiсi
Француз Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшiн басым жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметіне қаржылық көмек бөледi. Ең жоғары сомасы 27,440 миллион Евроны (жиырма жетi миллион төрт жүз қырық мың Евро) құрайтын бұл жеңiлдiктi несие осы Хаттамаға 1-Қосымшада айтылған жобаны iске асыру үшiн қажеттi француз жабдықтарын және қызметтердi сатып алуды қаржыландырады.
2-бап - Жобаны қаржыландыру ережесi
1-Бапта айтылған жобаны қаржыландыру Францияның үкiметтiк заемының есебiнен қамтамасыз етiледi. Осы жобаға жататын әрбiр келiсім-шарттың бiрiншi аванстық төлемi көлiк шығыстары мен сақтандырусыз, қаржыландырылатын келісім-шарт сомасының 10%-ынан бастап 20%-ын құрайды.
3-бап - Қаржылық көмектi пайдаланудың шарттары мен ережесi
Францияның үкiметтiк заемының мерзiмi - 16 жыл, оның 6 жылы жеңiлдiк болып табылады. Жылдық пайыздық ставка - 2,1%. Негiзгi сома 20 тең және тiзбектi жартыжылдық жарналармен өтеледi, оның үстiне бiрiншi жарғының мерзiмi қарыз алу жүргiзiлетiн күнтiзбелiк тоқсан бiткеннен кейiн 78 ай өткен соң басталады; Пайыздар негiзгi борыштың қалған сомасына есептеледi; Францияның үкiметтiк заемы бойынша әрбiр тираждың күнiнен бастап өседi және жылына екi рет төленедi. Егер негiзгi сома бойынша немесе пайыздар бойынша өтеу күнi Франциядағы жұмыс iстемейтiн күнге келсе, онда ол одан кейiнгi жұмыс күнiне ауыстырылады. Негiзгi сома бойынша немесе пайыздар бойынша кез келген өтеудiң мерзiмiн ұзарту берешектiң күнiнен бастап және оны iс жүзiнде төлеу күнiне дейiн мораторийлiк пайызбен - салық салуға әкеп соқтырады. Мораторийлiк пайыз ставкасы француз заңымен белгiленген пайыздық ставка болып табылады, ол 2000 жылға арналған министрлiк декретке сәйкес жылдық 3%-ға ұлғайтылған 2,74%-ды, яғни жылына 5,74%-ды құрайды. Егер осы мораторийлiк пайыз бүкiл жыл бойы төленбеген болса, мораторийлiк пайыздың өзiне жоғарыда келтiрiлген ставка бойынша пайыздар есептеледi. Қолдану жөніндегі келісімге Француз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң атынан және тапсырмасы бойынша "Натексис банк попюлер" арасында немесе Қаржы министрлігі уәкiлеттiк берген, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететiн кез келген орган қол қояды. Онда Францияны мемлекеттік заемын пайдалану және өтеу ережесi нақтыланатын болады. Осы үкiметаралық хаттаманы iске асыруға байланысты барлық келiспеушiлiктер екi жақты дипломатиялық қарым-қатынастар шеңберiнде шешiлетiн болады.
4-бап - Есеп айырысу және төлем валютасы
Осы хаттаманың негiзiнде есеп айырысу және төлем валютасы Евро болып табылады.
5-бап - Заемды пайдалану
Қазақстан Республикасының Yкіметі түпкi заемшыға Француз Республикасы Yкіметінiң мемлекеттік заемы ретiнде мерзiмi, жеңiлдiктi кезеңi және пайыздық ставкасы бойынша Евромен дәл сол сомаға және дәл сол шарттарда заем бередi.
6-бап - Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға келісім-шарттар қабылдау
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Хаттаманың шеңберiнде қаржыландыруға қабылданған келісім-шарттар "Халықаралық коммерциялық мәмілелердегi шетелдiк мемлекеттік қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресi туралы" 1997 жылғы 17 желтоқсандағы ӘЭДҰ Конвенциясы сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы халықаралық нормалармен айыпталатын ешқандай да тәжiрибенiң мән-жайы болып табылмауына мiндеттенедi. Қосымшада айтылған жобаға қатысты әрбiр келісім-шартты Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға қабылдау мына төмендегiлерге: - келісім-шарттың тиiстi жоғарыда аталған келісім-шартқа сәйкес келетiн жобаның алдын ала бағалауының қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсынымдарға сәйкес келуiне; - жобаның мемлекеттiң қолдауын пайдаланатын экспорттық несиелерге қатысты ӘЭДҰ Келісімiнде көзделген ережелерге сәйкестiгiн тексеруге; - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тарапынан Францияның борышы мен үкiметтiк заемдарының мерзiмiн ұзарту туралы келісімдер бойынша берешектердiң және уақытылы емес төлемдердiң болмауына; - Қазақстан Республикасының Yкіметіне, оның мемлекеттік секторына берiлген КОФАС кепiлдiк берген банктiк несиелер бойынша немесе Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiгi бойынша берешектердiң және уақытылы емес төлемдердiң жай-күйiн талдауға байланысты. Қосымшада айтылған жобаға қатысты әрбiр келісім-шарт құзыреттi француз өкiметтерi осы шарттар тиiстi негiзде сақталғанын анықтағаннан кейiн Алматыдағы құзыреттi француз өкiметтерiнiң рұқсаттарымен және құзыреттi қазақстандық өкiметтермен әрекет ететiн Франция Елшiлiгiнiң Экономикалық кеңесшiсi арасында хаттар алмасу арқылы оны Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға қабылдау рәсiмiнен өтедi.
7-бап - Францияның yкiметтiк көмегiнiң шектi мерзiмдерi
Жоғарыда келтiрiлген баптарда анықталған қаржылық көмектi алу үшiн француздық берушi мен қазақстандық сатып алушы қол қойған келісім-шарттар Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға ең кешi 2002 жылғы 30 сәуiрде қабылдануы тиiс. Осы Хаттамамен берiлетiн, Францияның үкiметтiк қаржыландыруы бойынша тираждар 2005 жылғы 30 сәуiрден кешiктiрмей жүргiзiлуi тиiс.
8-бап - Салықтар мен баждар
Осы Хаттаманы орындауға байланысты қаржылық көмектiң қаражаты Қазақстандағы салықтар мен баждарды төлеуге жiберілуi мүмкiн емес. Негiзгi сома бойынша өтеу және осы Хаттаманы iске асыруға байланысты пайыздарды төлеу Қазақстандағы салықтар мен баждардан босатылады.
9-бап - Жобаны ретроспективтi бағалау
Француз Республикасының Үкіметі өз есебiнен осы Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға қабылданған жобаның экономикалық, қаржылық және бухгалтерлiк аспектiлерiн, атап айтқанда, оның Қазақстанның экономикасына әсерiн бағалау үшiн ретроспективтi бағалауды жүргiзе алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі, қалауы бойынша, зерттеулердiң нәтижелерiн тез алу үшiн анықтау қажет ережеге сәйкес осы бағалауды жүргiзуге қосыла алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзiне Француз Республикасының Yкіметі жiберген бағалау миссиясын қабылдау және жобаға қатысты ақпаратқа оның қол жеткiзуiн жеңiлдету мiндеттемесiн алады.
10-бап - Күшiне енгізу Осы Хаттама: - оған екі тарап та қол қойғаннан; - оны құзыреттi қазақстандық өкiметтер бекiткеннен; - «Алматы су» бiрлескен кәсiпорны мен Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкi немесе Халықаралық қаржы корпорациясы (Дүниежүзiлiк Банктiң тобы) арасында осы Хаттаманың 1-қосымшасында көрсетiлген жобаны бiрлесiп қаржыландыру үшiн кемiнде 5 (бес) миллион АҚШ долларына бара-бар сомадағы Заем туралы келісімге қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
ОСЫНЫ РАСТАУ YШIН осы үшiн тиiсiнше уәкiлеттiк берiлген екi үкiметтің өкiлдерi осы Хаттамаға қол қойды және оған өздерiнiң мөрлерiн қойды. Төрт түпнұсқалық данада: екеуi француз тілінде және екеуi орыс тілінде жасалды, бұл ретте француз тiліндегі мәтiн - шынайы болып саналады.
1-қосымша Осы Хаттама бойынша бөлiнетiн 27,44 миллион Евро сомасындағы француз көмегi тiршілiкке бейiмдi экономикалық шарттарда сумен жабдықтауды басқарудың берiлуiн қамтамасыз ету, сонысымен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн Алматы қаласын сумен жабдықтау және кәрiз инфрақұрылымын қайта жаңарту және жаңғыртудың бастапқы бағдарламасын француз фирмасының жеңiлдiктi шарттармен қаржыландыруына арналған. Француз және қазақстан үкiметтерiнiң арасындағы су секторындағы ынтымақтастық жөніндегі әр түрлi iс-шараларды жалғастыратын осы жоба 1999 жылғы 27 қарашада Алматы қаласы мен «Алматы су» бiрлескен кәсiпорнының отыз жылға "Соntract for the Lease, Investment and Operation of the Potable Water and Waste Water Facilities" деп аталатын келісім-шартқа қол қоюымен ____ Алматы қаласы мен "Generale des Eaux" бiрлестiгi арасында ұзақ мерзiмдi әрiптестiк орнатуға мүмкiндiк бередi. Осы жоба тым болмағанда, 5 миллион АҚШ долларына барабар сомаға Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкінің заемымен қосарлас қаржыландырылады немесе Халықаралық қаржы корпорациясы қаржыландырады. «Алматы су» бiрлескен кәсiпорнының осы заемды тартуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiнiң берiлуiн талап етпейдi.
1-қосымша осы Хаттаманың ажыратылмас құрамдас бөлiгi болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |