Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 23 мамырдағы № 325 Бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 119 бұйрығымен күші жойылды
«Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2008 жылғы 23 мамырдағы № 325 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысына сәйкес әзірленді. 2. Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебі (бұдан әрі - Есеп) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 9-г бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман қорының санаттары мен жер алқаптары бойынша орман қорын бөлу» № 1 нысаны (бұдан әрі - № 1 нысан) және «Орманмен қамтылған жерлердің аудандарын және қорын басым тұқымдар және жас топтары бойынша бөлу» № 2 нысаны (бұдан әрі - № 1 нысан) бойынша жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|