|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен абу-даби даму қорының
ҚР 2001 жылғы 10 шілде № 229-II Заңымен бекітілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Заемшы» деп аталатын), бір жағынан Және екінші жағынан Абу-Даби Даму Қорының (бұдан әрі ҚОР деп аталатын), арасындағы 2001 жылғы 28 сәуіріндегі келісім. Заемшы толық сипатталуы осы Келісімнің ІІ Қосымшасында келтірілетін Қарағанды-Астана Жолы Құрылысының Жобасын (бұдан әрі "Жоба" деп аталатын) қаржыландыруға қатысу туралы Қорға өтініш жасағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; ЖӘНЕ ДЕ Қордың мақсаты араб, африка, азия және басқа да дамушы елдерге олардың даму жобаларын орындауға қажетті заемдарды берудің арқасында олардың экономикасының дамуына көмек көрсету екендігін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; ЖӘНЕ ДЕ Қор Жобаның орындылығы мен орындалатынына және оның Заемшы экономикасының дамуының маңыздылығына сенімді екенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; ЖӘНЕ ДЕ Қор жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Заемшыға Келісімде айтылған шарттар мен ережелерде заем беруге келісім бергенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОСЫ КЕЛІСІМДЕГІ ТАРАПТАР ОСЫМЕН МЫНАЛАР ТУРАЛЫ КЕЛІСЕДІ: І БАП Заем және Оны Беру Шарттары 1-БӨЛІМ
Қор осы Келісімде айтылған немесе осы Келісімде сілтемелер келтірілетін шарттар мен ережелер негізінде 80,806,000 (сексен миллион сегіз жүз алты мың) Біріккен Араб Эмираттары дирхамына бара-бар соманы Заемшыға беруге келісім береді.
2-БӨЛІМ
Заемшы жылына үш процентті (3%) құрайтын ставка бойынша, шоттан алынатын және белгілі бір уақытта ол бойынша төлемге ұсынылмайтын сомасы бар Заемның негізгі сомасы бойынша процент төлейді. Проценттер осылайша тиісті соманы алу ретінде тағайындалған күннен бастап есептеледі.
3-БӨЛIМ
Әкiмшiлiк шығыстарды және осы Келісімдi орындауға арналған шығыстарды жабу үшiн Заем қаражатынан алынатын және өздерi бойынша белгiлi бiр уақытта төлемге ұсынылмаған сомасы бар сомалар бойынша жылына нөл бүтiн оннан бес процентiн (0,5%) құрайтын қосымша төлем жүргiзiледi.
4-БӨЛIМ
Осы 3-баптың 2-бөлiмiне сәйкес Заемшының өтiнiшi бойынша Қор өзiне алған арнайы мiндеттемелер бойынша жүзеге асырылуға жататын төлем ставкасы өздерi бойынша белгiлi бiр уақытта төлемге ұсынылмаған сомасы бар кез келген осындай арнайы мiндеттемелердің негiзгi сомасы бойынша жылына нөл бүтiн оннан бес процентiн (0,5%) құрайды.
5-БӨЛIМ
Проценттер мен басқа да төлемдер әрқайсысы ұзақтығы жарты жылдан кем кез келген кезең үшiн ұзақтығы 30 күн он екi айдан тұратын ұзақтығы 360 күн бiр жылды құрайтын уақыт аралығы негiзiнде есептеледi.
6-БӨЛIМ
Заемшы өтеу мерзiмi алдында 5 жыл жеңiлдiктi кезеңi бар 15 жылды құрайтынын ескере отырып, осы Келісімнiң 1-қосымшасында ұсынылатын борышты бiртiндеп өтеу кестесiне сәйкес Заемның негiзгi сомасын өтейдi.
7-БӨЛIМ
Проценттердi төлеу және басқа да төлемдердi жүзеге асыру әр жылдың 30 сәуiрiнде және 30 қазанында жарты жылда бiр рет жүргiзiледi.
8-БӨЛIМ
Заемшының барлық есептелген проценттердi төлеу және барлық басқа төлемдердi жүзеге асыру кезiнде Қорды кемiнде 45 күн бұрын хабардар ете отырып, келісілген мерзiм басталғанға дейiн мынадай сомаларды өтеуге: а) осы кезде соманы төлеуге ұсынылмаған сомасы бар Заемның барлық негiзгi сомасын; НЕМЕСЕ b) осындай өтеу күнi төлем мерзiмi мерзiмiнен бұрын төленетiн бөлiгiнен кейiн басталатын Заемның төлемге ұсынылмаған қандай да болмасын бiр бөлiгi болмау шартымен төлемнiң қандай да болмасын бiр немесе одан да көп мерзiмдерi басталған кездегi барлық негiзгi соманы өтеуге құқығы бар.
9-БӨЛIМ
Заемның негiзгi сомасын, проценттердi төлеу және олар бойынша басқа төлемдердi жүзеге асыру Қор негiздi сұрау салатын осындай жерлерде жүргiзiледi.
II БАП Төлемдердiң Валютасы 1-БӨЛIМ
Заем қаражатын шоттан алу, оны өтеу, проценттердi төлеу және басқа төлемдердi жүзеге асыру және осы Келісімге байланысты қаржы, мәмiлелерiнiң барлық есептерiн жүргiзу Бiрiккен Араб Эмираттарының дирхамымен жүргiзiледi.
2-БӨЛIМ
Қор Заемшының өтiнiшi бойынша оның агентi ретiнде әрекет ете отырып, осы Келісімге сәйкес Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауардың құнын төлеуге және өтеуге қажеттi кез келген валютаны сатып алады. Осы жағдайда Заем шотынан алынған болып есептелетiн сома осындай шетел валютасын сатып алуға қажеттi Бiрiккен Араб Эмиратының дирхамындағы сомаға тең болып табылады.
3-БӨЛIМ
Қор Заемшының өтiнiшi бойынша оның агентi ретiнде әрекет ете отырып, осы Келісімнiң 1-бөлiмiне сәйкес төлемдер үшiн талап етiлуi мүмкiн Бiрiккен Араб Эмираттарының дирхамында, кез келген шетел валютасында немесе Қор үшiн қолайлы валютада сатып ала алады.
4-БӨЛIМ
Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн бiр валютаның екiншi валютаға ауыстырғандағы құнын анықтау қажет болған әрбiр жағдайда, осындай бағаны Қор негiздi түрде анықтайды.
III БАП Заем Қаражатын Шоттан алу және Пайдалану 1-БӨЛIМ
Заемшының осы Келісімнiң ережелерiне сәйкес Жобаға байланысты жұмсалатын немесе жұмсауға жататын соманы Заем шотынан алуға құқығы бар. Заемшы Қорға растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін осы Келісім күшiне енгенге дейiн шеккен шығыстардың себебi бойынша Заем шотынан соманы ала алады.
2-БӨЛIМ
Заемшының өтiнiшi бойынша және Заемшы мен Қор арасында келісілген шарттар мен ережелер негiзiнде осы Келісімге сәйкес кез келген тоқтатуға немесе жоюға қарамастан қаржыландырылатын тауарлардың бағасына қатысты Заемшыға немесе басқа тұлғаларға сомаларды төлеу бойынша жазбаша түрде өзiне арнайы мiндеттемелердi алуына болады.
3-БӨЛIМ
Заемшы шоттан Заемның қандай да болмасын бiр сомасын алғысы келген немесе алдыңғы бөлiмге сәйкес соңғысының арнайы мiндеттемелердi қабылдауы туралы Қорға өтiнiш бiлдiрген жағдайда, алайда, осындай өтiнiм немесе растайтын құжаттар Қорға ұсынылғанға дейiн шоттан қандай да болмасын алу жүргiзiлген немесе арнайы мiндеттеме қабылданған жағдайда Заемшы Қорға қажеттi растайтын құжаттармен қоса берiлетiн, Қор белгiлеген нысандарда Қорға өтiнiм бередi, осындай өтiнiмдi немесе растайтын құжаттарды осыдан кейiн осылайша дереу ұсынады.
4-БӨЛІМ
Заемшының Заем шотынан өзiне қатысты өтiнiм берiлiп отырған соманы алуға құқығы бар екендiгiн және Заем шотынан алынатын сома тек осы Келісімде анықталатын мақсаттар үшiн ғана пайдаланылатынына Қорды сендiру үшiн Шоттан қаражат алуға арналған әрбiр өтiнiмнiң және растайтын iлеспе құжаттардың және өзге де айғақтардың тиiстi нысаны мен мазмұны болуы тиiс.
5-БӨЛIМ
Заемшы Заем қаражатын тек Жобаны орындау үшін талап етiлетiн тауарлар мен қызметтердiң тиiстi құнын қаржыландыруға ғана пайдаланады. Осындай тауарлар мен қызметтердi сатып алудың рәсiмдерi Қор мен Заемшының арасындағы келісім бойынша анықталады.
6-БӨЛIМ
Заемшы тек Жобаны орындау кезiнде ғана Заем қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлардың пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
7-БӨЛIМ
Заемшы Заем шотынан алуға құқығы бар соманы Қордың төлеудi Заемшыға немесе оның тапсырмасы бойынша жүргiзiледi.
8-БӨЛIМ
Заемшының Заем шотынан қаражат алуды жүргiзу құқығы 2006 жылғы 31 желтоқсанда немесе белгiлi бiр уақытта Заемшы мен Қор арасында келісілуi мүмкiн неғұрлым кеш мерзiмде тоқтатылады.
IV БАП Шарттың Ерекше Жағдайлары 1-БӨЛIМ
Заемшы Қорға қолайлы шарттар мен ережелерде Көлiк және Коммуникациялар Министрлігіне Заем қаражатын бередi.
2-БӨЛІМ
Заемшы және жоғарыда аталған Министрлiктiң атынан Жобаны Орындау жөніндегі Топ (ЖОТ) Жобаның орындалуына және осы Келісімнiң ережелерiне сәйкес және мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарды басқаруға қатысты талаптарға сәйкес және оңтайлы инженерлiк, қаржылық және техникалық iс-тәжiрибеге сәйкес оларды басқаруға жауап бередi.
3-БӨЛІМ
Жобаны орындау және оны бақылау кезiнде Заемшы Қорға қолайлы шарттар мен ережелер негiзiнде Қорға қолайлы техникалық мәселелер жөніндегі консультанттарды (немесе қызметтерi қажет болуы мүмкiн басқа консультанттарды) жалдайды немесе жалдауды қамтамасыз етедi.
4-БӨЛIМ
Заемшы Жобаны орындауға және оны бақылауға қатысты осы Келісімге қол қойылғанға дейiн жасалған барлық келісім-шарттардың куәландырылған көшiрмелерiн Қорға ұсынады.
5-БӨЛІМ
Жобаны орындау туралы келісім-шарттарды жасасу және оларды бақылау кезiнде халықаралық бәсекелес сауда-саттық рәсiмдерi сақталады және олардың жасалуы Қордың мақұлдауына байланысты.
6-БӨЛІМ
Заемшы Жобаның орындалуына қатысты талаптарға сәйкес жерге меншiктi және осындай меншiктің құқығын сатып алу жөнiнде тиiстi шаралар қабылдайды.
7-БӨЛIМ
Заемшы Техникалық мәселелер жөніндегі Консультантқа және Мердiгерге осындай Консультант пен Мердiгердiң тарапынан қандай да бiр мiндеттемелерсiз Жобаға байланысты жұмыстар үшiн Участке ұсынады және олардың осындай Учаскеге кiруiн қамтамасыз етедi.
8-БӨЛIМ
Егер Жобаны қаржыландыруға бөлiнген сомалар, сметаға сәйкес Жобаны орындауға арналған шығындарды жабу үшiн жеткiлiксiз болса, Заемшы Қор алдын ала мақұлдауы тиiс шарттар мен ережелер негiзiнде Жобаны орындау жөніндегі жұмыстарды аяқтау үшiн талап етiлетiн қосымша сомаларды ұсынуға қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.
9-БӨЛIМ
Заемшы Қорға оқу материалдарын, Жобаның жоспарлары мен техникалық шарттарын және оларды орындау кестелерiн, сондай-ақ болашақта оларға енгiзiлуі мүмкiн кез келген елеулi өзгерiстердi, бұл туралы қандай да бiр уақытта Қор сұрау салатын негiзде олар дайын болғаннан кейiн дереу ұсынады.
10-БӨЛIМ
Заемшы Жобаның орындалу барысын ұсыну (оны орындауға жұмсалған шығындарды қоса алғанда) және Жобада олардың пайдаланылуы туралы ақпаратты анықтау, Жобаның орындайтын мекеменiң тиiмдi және нық белгiленген есеп тәжiрибесiне, қызметiне және қаржылық жағдайына сәйкес келетiн тиiстi рәсiмдерге сәйкес көрсету үшiн Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтердiң жiктелуi және олардың Жобада пайдаланылуы туралы ақпаратты анықтау жөнiндегі iс жүзіндегі талаптарға жауап беретiн есеп жазбаларын жүргiзедi және олардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi. Заемшы Қордың уәкiлеттi өкiлдерiне Заемға байланысты мақсатта жол жүру және жұмыстың барысын тексеру және кез келген есеп жазбалары мен қаралатын мәселелерге қатысы бар құжаттарды қарау үшiн кез келген талап етiлген мүмкiндiктi ұсынады және Қорға Заем қаражатын жұмсауға, Жобаны орындауға және Заемшының қаржылық жағдайына қатысты Қор сұрататын кез келген осындай ақпаратты ұсынады.
11-БӨЛIМ
Заемшы Жобаны тiкелей немесе жанама басқаруға және оған байланысты жұмысты жүргiзуге, сондай-ақ Жобаның құрамдас бөлігi болмай-ақ, тиiмдi инженерлiк, қаржылық және техникалық iс-тәжiрибеге сәйкес Жобаға байланысты жұмысты тиiстi жүргiзуге қажеттi осындай көмекшi iс-шараларды басшылыққа алуға міндеттенедi.
12-БӨЛIМ
Заемшы және Қор Заемның мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету үшiн тығыз байланыста болады. Осы мақсатта әрбiр тарап Заемға байланысты iстiң жалпы жағдайына қатысты ол негiздi түрде талап етуi мүмкiн ақпарат пен мәлiметтердi екiншi тарапқа берудi мiндеттенедi. Заемшы мен Қор өзiнiң өкiлдерi арқылы Заемның мақсатына және оған қызмет көрсетуге байланысты мәселелер жөнiнде мерзiмдi пiкiр алмасу жүргiзедi. Заемшы Заем мақсатының орындалуына кедергi жасайтын немесе кедергi жасауы мүмкiн (Жобаның орындалуына арналған шығындардың кез келген елеулi артуын қоса алғанда) кез келген жағдайлар туралы Қорды дереу хабардар етедi.
13-БӨЛIМ
Заемшы мен Қордың өзара ой-ниетiнде болашақта мемлекеттік мүлiкке қатысты құрылатын борыштар үшiн мүлiктi ұстау құқығы түріндегі Заеммен салыстырғанда басымдығы болмайтындығында болып табылады. Осы мақсатта Заемшы Қор өзгеше шешiм қабылдаған кездегіден басқа жағдайларда, егер Заемшының қандай да болмасын мүлкiне қатысты борыштар үшiн мүлiктi ұстаудың қандай да болмасын құқығы туындайтын болса, борыштар үшiн осындай мүлiктi ұстау құқығы фактiге байланысты Заемның негiзгi сомасы мен проценттердi төлеудi және ол бойынша басқа төлемдердiң жүзеге асырылуын тең және үйлесiмдi негiзде қамтамасыз етуге және осы Бөлiмнiң алдыңғы ережелерiн алайда мыналарға: (I) осындай мүлiктi сатып алу құнын қамтамасыз ету түрiнде ғана оны сатып алу сәтiнде мүлiкке қатысты борыш үшiн мүлiктi ұстау құқығына; (II) төлеу мерзiмi бастапқы туындаған күннен кейiн бiр жылдан кейiн кешiктiрiлмей келетiн борышты қамтамасыз ету үшiн саудаға тауарларға қатысты борыш үшiн мүлiктi ұстау құқығына; НЕМЕСЕ (III) банктiк операциялардың барысында туындаған және төлеу мерзiмi оның күнiнен кейiн бiр жылдан кешiктiрiлмей келетiн борышты қамтамасыз ететiн борыш үшiн мүлiктi ұстау құқығына қолданбау шартымен борыштар үшiн осындай мүлiктi ұстау құқығын құру кезiнде осы мағынада тiкелей тұжырымдалған ереже ұсынылатын болады:
14-БӨЛIМ
Заемның негiзгi сомасын төлеу және ол бойынша басқа төлемдердi жүзеге асыру Заемшының заңнамасына сәйкес әрекет ететiн қандай да болмасын салықтарды есептеусiз жүзеге асырылады және Заемның негiзгi сомасын және проценттердi және ол бойынша басқа төлемдердi жүзеге асыру жоғарыда аталған салықтардан босатылады.
15-БӨЛIМ
Осы Келісім Заемшының елiнде әрекет ететiн заңнамаға сәйкес белгiленуi мүмкiн кез келген салықтардан, алымдардан және түрлi сипаттағы баждардан босатылады, оларды жасау, ресми беру немесе тiркеу жөнiнде немесе осындай жасауға, ресми беруге немесе тіркеуге байланысты және Заемшы Заем төлеуге жататын валютада, елде әрекет ететiн заңнамаға сәйкес белгiленген барлық салықтарды, алымдарды және егер осындай болса баждарды төлейдi немесе төлеудi қамтамасыз етедi.
16-БӨЛIМ
Заемның негiзгi сомасын және проценттерiн төлеу және ол бойынша басқа төлемдердi жүзеге асыру Заемшының елiнде әрекет ететiн заңнамаға сәйкес белгiленген барлық шектеулерден босатылады.
17-БӨЛIМ
Заемшы жауапты сақтандырушылардан Заем қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарларды сақтандырады немесе сақтандырылуын қамтамасыз етедi. Осындай сақтандыру мынадай тасымалдауларға байланысты теңiз және Заемшының аумағына тауарларды сатып алуға және импорттауға және оларды Жобаны орындау орнына жеткiзуге байланысты басқа қауiптердi жабады және ұтымды сауда iс-тәжiрибесiмен сәйкес келетiн осындай сомаға жүзеге асырылады, осындай сақтандыру кезiнде сақтандырылатын тауарлардың құнына ақы төлеуге жататын валютамен немесе еркiн өзгермелi валютамен осындай сақтандыру ақы төленуге жатады. Заемшы сақтандыруды ресiмдейдi және сақтандыруды немесе сақтандырудың ресiмделуiн және Жобаға байланысты тәуекелдерден жауапты сақтандырушылардан ұтымды сауда іс-тәжiрибесiмен сәйкестендiрiлген сомада сақтандыруды қамтамасыз етедi.
18-БӨЛIМ
Заемшы өзiнiң тарапынан Жобаны орындау үшiн қажеттi барлық шараларды қабылдайды және қабылдануын қамтамасыз етедi және Жобаны орындауға немесе оған байланысты жұмыстарды жүргiзуге немесе осы Келісім ережелерiнiң қандай да болмасын бiрiн орындауға кедергi жасайтын немесе кедергi жасаған қандай да болмасын әрекеттер жасамайды және жасалуына жол бермейдi.
19-БӨЛIМ
Қордың барлық құжаттарын, есеп жазбаларын, хат-хабарларын және ұқсас материалдарын Заемшы құпия ретiнде қарайды. Заемшы Қорға цензурадан толық иммунитет ұсынады және оның жарияланымдарын тексерулерден толық босатады.
20-БӨЛIМ
Заемшының барлық мүлiктерi мен кiрiстерi мемлекеттік меншiктеуден, тәркiлеуден және алулардан босатылады.
V БАП Күшiн Жою және Тоқтата Тұру 1-БӨЛIМ
Заемшы Қорды хабардар ете отырып, Заемшы өзiне қатысты Қор осы Келісімнiң 2-Бабының 2-бөлiмiне сәйкес өзiне арнайы мiндеттеме қабылдаған Заемның қандай да болмасын сомасын жоя алмайтын кездегіден басқа жағдайларда Заемшы осындай хабарламаға дейiн шоттан алмаған Заемның кез келген сомасының күшiн жоя алады.
2-БӨЛIМ
Егер қандай да болмасын мынадай оқиғалар орын алса немесе жалғасып отырса: (а) негiзгi соманы немесе проценттердi толық немесе iшiнара төлеу немесе осы Келісімге немесе Заемшы мен Қор арасындағы кез келген басқа Заем туралы Келісімге сәйкес талап етiлетiн басқа да төлемдердi жүзеге асыру жөніндегі мiндеттемелердi орындамау орын алса; (b) осы Келісімге сәйкес Заемшының тарапынан қандай да бiр басқа шартты немесе келісімдi орындау кезiнде мiндеттемелердi орындамау орын алса; (с) Қор Заемшының тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауы себептi Заемшы мен Қор арасындағы кез келген басқа Заем туралы Келісімге сәйкес Заемшының шоттан қаражат алуды жүргiзу құқығын толық немесе iшiнара тоқтатқан болса; (d) Заемшының осы Келісімге сәйкес өз мiндеттемелерiн орындау мүмкiндiгi мәселесiн қоятын төтенше жағдай қалыптасса Қор Заемшыны хабардар ете отырып, Заемшының Заем қаражатын алуды жүргiзу құқығын толық немесе iшiнара тоқтатуы мүмкiн. Осы Келісім күшiне енгенге дейiн болуы мүмкiн кез келген осындай оқиғаның, ол осы Келісім күшiне енгеннен кейiн болған кездегiдей салдары болады. Заемшының Заем қаражатын алуды жүргiзу құқығы мән-жайларға байланысты алайда, кез келген осындай шоттан қаражат алуды жүргiзу құқығын қалпына келтiру туралы хабарлама хабарламада көрсетiлетiн шарттарда және оларды ескере отырып қана қалпына келтiрiлген және ешқандай осындай хабарлама Қордың қандай да болмасын құқығына, өкiлеттiгiне немесе құқық қорғау құралдарына әсер етпейтiн немесе осындай құқықты, өкiлеттiктi немесе құқық қорғау құралын қозғамайтын сипатталуы осы Бөлiмде келтiрiлген кез келген басқа кейiнгi оқиғаларға қатысты жағдайда, осындай тоқтатудың қорытындысы болған оқиғаның немесе оқиғалардың әрекет етуi тоқтатылғанға дейiн немесе Қор Заемшыны шоттан қаражат алуды жүргiзу құқығы қалпына келтiрiлгенi туралы хабардар еткенге дейiн толық немесе iшiнара тоқтатыла тұратын болады.
3-БӨЛIМ
Егер алдыңғы бөлiмнiң (а) тармағында айтылатын қандай да болмасын оқиға Қор бұл туралы Заемшыны хабардар еткеннен кейiн орын алса және отыз күн бойы жалғасса немесе егер жоғарыда аталған Бөлiмнiң (b), (с) және (d) тармақтарында айтылатын қандай да бiр оқиға Қор бұл туралы Заемшыны хабардар еткеннен кейiн орын алса және алпыс күн бойы жалғасса, онда бұл жағдайда одан әрi кез келген уақытта жоғарыда аталған оқиға жалғасқан кезде Қор өзiнiң қалауы бойынша тиесiлi және дереу төлеуге жататын Заемның негiзгi сомасын жариялай алады; және осындай мәлiмдеуден кейiн осындай негiзгi сома керi мағынада осы Келісімдегi ешбiр нәрсеге қарамастан, тиесiлi болады және дереу төлеуге жатады.
4-БӨЛІМ
Егер (а) Заемшының Заем қаражатын алуды жүргiзу құқығы оның қандай да болмасын сомасына қатысты ұзақтығы отыз күн кезеңге тоқтатылған болса, немесе (b) Заем Шотынан Қаражат алудың Соңғы Күнi ретiнде 3-баптың 8-бөлiмiнде көрсетiлетiн күнi Заем сомасы алынбаған болса, Қор Заемшыны хабардар ете отырып, Заемшының осындай сомаға қатысты қаражат алуды жүргiзу құқығын тоқтата алады.
5-БӨЛIМ
Қордың ешқандай да күшiн жоюы немесе тоқтатуы осындай мiндеттеме тiкелей тұжырымдалған ереженi қамтитын кездегi жағдайларды қоспағанда, 3-баптың 2-бөлiмiне сәйкес Қор өзiне, қабылдаған арнайы мiндеттеме қолданылатын сомаға қолданылмайды.
6-БӨЛIМ
Кез келген күшiн жою осы Келісімнің Қосымшасындағы борышты бiртiндеп өтеу кестесiнде көрсетiлгенiндей, Заемның негiзгi сомасын төлеудiң бiрнеше мерзiмiне шамалас қолданылады.
7-БӨЛIМ
Кез келген күшiн жоюға немесе тоқтатуға қарамастан, осы Бапта нақты көрсетiлетiн жағдайлардан басқа, осы Келісімнiң барлық ережелерi толық күшiнде және қолданысында қалады.
VI БАП Осы Келісімнiң Сақталуын Қамтамасыз ету; Құқықтарды Орындамау; Төрелiк тергеу 1-БӨЛIМ
Осы Келісімге сәйкес Заемшының құқықтары мен мiндеттемелерi заңды әрекет ететiн болып табылады және керi мағынасында қандай да болмасын жергiлiктi заңдардың ережелерiне қарамастан, олардың шарттарына сәйкес олардың сақталуы қамтамасыз етiледi. Заемшының да, Қордың да кез келген жағдайда себепкерге қарамастан осы Келісімнiң қандай да болмасын ережесiнiң күшi болмайтыны немесе сақталуы қамтамасыз етiлмейтiнi туралы мәлiмдеуге құқығы жоқ.
2-БӨЛІМ
Осы Келісімнiң қандай да болмасын ережесiне сәйкес қандай да болмасын тарапқа берiлген қандай да болмасын құқықтың немесе өкiлеттiктiң жүзеге асырылмауы оған осындай құқық пен өкiлеттiктi болашақта кез келген уақытта жүзеге асыруға кедергi келтiрмейдi және осындай құқықтан немесе өкiлеттiктен бас тарту ретiнде ұғынылмайды. Сол сияқты осы Келісімдегi қандай да бiр тараптың басқа тараптың iс-әрекетiнде орын алған мiндеттемелердi қандай да болмасын орындамауына байланысты ешбiр кешiрiммен қарау көрiнiстерi жоғарыда бiрiншi аталған тарапқа болашақта мiндеттемелердi осындай орындамауға қатысты осы Келісімге сәйкес уәкiлеттiк берiлген кез келген iс-әрекетке жүгiнуге кедергi келтiрмейдi.
3-БӨЛIМ
Осы Келісімдегi тараптар арасындағы кез келген даулы мәселе және осы Келісімге байланысты бiр тараптың басқасына ұсынатын қандай да болмасын наразылыққа байланысты мәселелер достық ниеттi реттеу жолымен шешiледi. Егер осындай достық ниеттi реттеуге қол жеткізiлмесе, осындай даулы мәселе және да бiр наразылыққа байланысты осындай мәселелер осы Баптың мынадай ережелерiмен Төрелік Соттың қарауына ұсынылады.
4-БӨЛIМ
(а) Төрелiк Сот үш төрешiден тұрады, оның бiреуiн - Заемшы, екiншiсiн - Қор тағайындайды және үшiншiсi (бұдан әрi "Супертөрешi") - тараптардың келісімi бойынша тағайындалады. Егер төрелiк ету процесi басталғаннан кейiн 60 күн iшiнде осындай келісiмге қол жеткiзiлмесе, Супертөрешiнi қандай да болмасын тараптың өтiнiшi бойынша Араб Мемлекеттерi Лигасының Бас Хатшысы тағайындайды. Егер қандай да болмасын тарап оның меншiктi төрешiсiн тағайындамаса, Араб Мемлекеттерi Лигасының Бас Хатшысы басқа тараптың өтiнiшi бойынша сол сияқты төрешiнi тағайындайды. Қандай да болмасын төрешi бас тартқан, қайтыс болған немесе қызметке қабiлетсiз болған жағдайда, бiрiншi төрешi тағайындалған негізде құқықтық мирасқор тағайындалады. (b) Төрелiк ету процесiн басқасына Төрелiк Соттың қарауына ұсынылатын даулы мәселенiң немесе наразылықтың сипатын, iзделiп отырған көмектiң сипаты мен шегiн анық баяндай отырып, төрелiк ету процесiн бастайтын тарап тағайындайтын төрешiнiң аты-жөнiн көрсете отырып қандай да болмасын тарап бастауы мүмкiн. Осындай хабарламадан кейiнгi отыз күн iшiнде қарсы тарап басқасына оның меншiктi төрешiсiнiң аты-жөнiн хабарлайды. (с) Төрелiк Сот әрбiр тарапқа әдiл тыңдау ұсынылатындай негiзде өз жұмысының меншiктi тәртібін анықтайды. Төрелiк Сот тараптардың қатысуымен немесе олардың болмауымен қаралатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдай алады. Оның барлық шешiмдерi көпшiлiк дауыспен қабылданады. Шешім жазбаша түрде шығарылады және Төрелiк Соттың кемiнде көпшiлiгiнiң қолы қойылады. Шешiмнiң қол қойылған көшiрмесi әрбiр тарапқа жiберiледi. Осы Баптың ережелерiне сәйкес шығарылған кез келген осындай шешiм осы Келісімдегi тараптар үшiн түпкi және мiндеттi болып табылады. Әрбiр тарап Төрелiк Сот шығарған кез келген осындай шешiмдi орындайды және оны сақтайды. (d) Төрелiк Сот Заемшының және Бiрiккен Араб Эмираттары мемлекетiнiң қолданыстағы заңдарына сәйкес қабылданған принциптердi, сондай-ақ әдiлеттiлiк пен адалдық принциптерiн қолданады. (е) Әрбiр тарап ол тағайындаған төрешiнiң жұмысына ақы төлеудi қоса алғанда, төрелiк ету процесіндегі өздерiнiң меншiктi шығыстарына ақы төлейдi. Төрелiк Соттың жұмысына және Супертөрешiнiң жұмысына ақы төлеуге байланысты шығыстар тараптар арасында бөлiнедi және әрбiр тарап оларды теңдей көтередi. Төрелiк Соттың жұмысына байланысты шығыстарды бөлуге жататын кез келген мәселе немесе осындай шығыстарға ақы төлеу рәсiмін Төрелiк Сот анықтайды.
5-БӨЛIМ
Төрелiк тергеуге жататын, алдыңғы Бөлiмде сөз болған ережелер даулы мәселелердi осы Келісімдегi тараптар арасында шешудiң кез келген басқа рәсiмiн және осы Келісімге сәйкес туындайтын, бiр тараптың екiншiсiне ұсынатын кез келген наразылығын алмастырады.
6-БӨЛIМ
Осы Бапқа сәйкес кез келген хабарламаны немесе қандай да болмасын соттық тергеуге байланысты сот құжаттарын беру 7-баптың 1-бөлiмiнде көзделетiндегідей жүргiзiлуi мүмкiн.
VII БАП Өзге ережелер 1 БӨЛIМ
Осы Келісімге сәйкес жiберу немесе ұсыну осы Келісімге сәйкес талап етiлетiн немесе рұқсат етiлетiн кез келген хабарлама немесе сұрау салу жазбаша түрде жiберiледi немесе ұсынылады. 8-баптың 3-бөлiмiнде өзгеше көзделетiн жағдайлардан басқа, осындай хабарлама немесе сұрау салу осы Келісімде көрсетiлетiн тараптың мекен-жайына немесе осындай тарап екiншiсiне хабарламада көрсеткен осындай басқа мекен-жайға қолма-қол, почта арқылы немесе жеделхат түрiнде осындай хабарламаны немесе сұрау салуды жiберу немесе ұсыну талап етiлетiн немесе рұқсат етiлетiн тарапқа берiлген кезде ол тиістi негiзде жiберiлген немесе ұсынылған болып саналады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |