|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ елі» монументінің ашылуында сөйлеген сөзі
Ардақты ағайын!
Апта бойы әр күні әсер мен тебіреніске толы елордамыздың 10 жылдық торқалы тойы бүгін тағы бір тағылымды оқиғамен толығып отыр. Мінеки, Астананың төрінен төл тарихымыздың жарқын жолы, жасампаз куәсінің бейнесіндей «Қазақ елі» монументін ашып отырмыз. «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады» деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған жұрттың бағы жанып, жоғы түгенделмейді. Бүгінгідей кең байтақ жері бар, киелі төрі бар қазақ шын мәнінде жұлдызы жанған бақытты халық. Алайда, бұл бақыт бізге оңайлықпен де, өздігінен де келген жоқ. Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы күресі жатыр. Іштей булыққан бұлқынысы мен өкініші, жеңістері мен жеңілістері жатыр. Бүгінде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы істердің, ұлағатты дәстүрлердің, іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас. Алайда, жеке хандық құрылғанымен, қазақтың басына баянды бақ пен бейбіт өмір орнай қалмағаны тағы белгілі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|