|
Шет елде алиментті өндіріп алу туралы
1999.30.12. № 33-ІІ ҚР Заңымен бекітілді
Кіріспе
Шет елде тұратын адамдардан алимент алуда мұқтаждық танытып, күн көрiсi соған байланысты болып отырған адамдардың жағдайынан туындайтын күн гуманитарлық проблеманы шұғыл шешу қажеттiгiн назарға ала отырып, алименттiк талаптар жөніндегі сот iсiн жүргiзу немесе шет елде өндiрiп алу елеулi құқықтық және iс жүзіндегі қиыншылықтарға байланысты екенiн назарға ала отырып, осындай проблемаларды шешудiң және осындай қиындықтарды еңсерудiң құралдарын қамтамасыз етуге тiлек білдiре отырып, Уағдаласушы Тараптар төмендегілер туралы келiстi:
Конвенцияның мақсаты
1. Осы Конвенция қандай да бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрып жатқан, төменде талапкер деп аталатын кез келген адамның, ол сендiрiп отырғандай, қандай да бiр басқа Уағдаласушы Тараптың құқықтық құзыретiне жататын, төменде жауапкер деп аталатын басқа адамнан алуға құқығы бар алименттi өндiрiп алуын жеңiлдету мақсатын көздейдi. Бұл мақсатты төменде табыс етушi және аралық инстанциялар деп аталатын органдар жүзеге асырады. 2. Осы Конвенцияда көзделетiн құқық қорғау құралдары iшкi немесе халықаралық құқық бойынша құқық қорғаудың қазiргi барлық басқа құралдарын толықтырады, бiрақ алмастырмайды.
Тиісті инвестицияларды тағайындау
1. Қосылу туралы бекіту грамотасын депозитке салу кезiнде әрбiр Уағдаласушы Тарап бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк немесе сот мекемелерiне өз аумағында табыс етушi инстанцияның функцияларын орындауды тапсырады. 2. Бекіту грамотасын немесе қосылу туралы грамотаны депозитке салу кезеңде әрбiр Уағдаласушы Тарап қандай да бiр қоғамдық немесе жеке мекемеге өз аумағында аралық инстанцияның функцияларын орындауды тапсырады. 3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап 1 және 2-тармақтарды қолдану жөнiнде берiлген тапсырмалар туралы және оларға қатысты барлық өзгерістер туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына кiдiрiссiз хабарлайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|