87 Конвенция
1999.30.12. № 29-ІІ ҚР Заңымен бекітілді
Сан-Францискода Халықаралық Еңбек Бюросының Әкімшілік Кеңесі шақырған және 1948 жылдың 17 маусымында өзінің отыз бірінші сессиясына жиналған, Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы сессияның күн тәртібінде жетінші тармақ болып табылатын, ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау жөніндегі бір қатар ұсыныстарды конвенция нысанында қабылдауды шешіп, Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының кіріспесі еңбек жағдайларын жақсарта алатын және бейбітшілікті қамтамасыз етуге қабілетті құралдардың бірі деп бірігу бостандығы принципін мойындайтынын еске ала отырып, Филадельфия Декларациясы сөз бостандығы мен бірігу бостандығы тұрақты прогрестің қажетті шарттары болып табылатынын қайтадан жариялағанын еске ала отырып, Халықаралық Еңбек Конференциясы өзінің отызыншы сессиясында халықаралық регламенттеу негізіне қалануға тиісті принциптерді бірауыздан қабылдағанын еске ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясы өзінің екінші сессиясында осы принциптерге қосылғанын және Халықаралық Еңбек Ұйымын бір немесе бірнеше халықаралық конвенцияларды қабылдау мақсатымен барлық күшін салуды жалғастыра беруін сұрағанын еске ала отырып, осы бір мың тоғыз жүз қырық сегізінші жылдың шілде айының тоғызыншы жұлдызында ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау жөніндегі 1948 жылдың Конвенциясы деп аталатын, төмендегі Конвенцияны қабылдайды:
I Бөлім. Ассоциация бостандығы
1 бап
Ол жөнінде осы Конвенция күшіне енген, Халықаралық Еңбек Ұйымының Әр Мүшесі төмендегі қаулыларды жүзеге асыруды міндеттенеді.
Жұмысшылар мен кәсіпкерлердің қандай да болсын айырмашылықсыз өз таңдауымен оған алдын-ала рұқсат алмай-ақ ұйым құруға, сондай-ақ жалғыз-ақ осы ақырғылардың жарғыларына бағыну шартында осындай ұйымдарға кіруге құқықтары бар.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|