|
88-КОНВЕНЦИЯ
ҚР 2000 жылғы 14 желтоқсан № 119-II Заңымен бекітілді
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi Сан-Францискода шақырған және 1948 жылы 17 маусымда өзiнiң отыз бiрiншi сессиясына жиналған Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы, сессияның күн тәртібінiң төртiншi тармағы болып табылатын жұмыспен қамту қызметiн ұйымдастыру туралы бiрқатар ұсыныстар қабылдауды ұйғара отырып, осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi ұйғара отырып, бiр мың тоғыз жүз қырық сегiзiншi жылдың тоғызыншы шiлдесiнде жұмыспен қамту қызметiн ұйымдастыру туралы 1948 жылғы Конвенция деп аталатын осы Конвенцияны қабылдайды.
1. Осы Конвенцияның күшi қолданылатын Халықаралық Еңбек Ұйымының әрбiр Мүшесi жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметiн ақысыз ұстайды немесе ақысыз ұстауды қамтамасыз етедi. 2. Жұмыспен қамту қызметiнiң негiзгi мiндетi - керек болған жағдайда, басқа да мүдделi қоғамдық және жеке мекемелермен ынтымақтаса отырып, толық жұмыспен қамтылуға қол жеткiзу мен оны қолдау және өндiрiстiк күштердi дамыту мен пайдалану ұлттық бағдарламаның ажырамас бөлiгi ретiнде жұмыспен қамту рыногын мүмкiндiгiнше жақсырақ ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Жұмыспен қамту қызметi мемлекеттік өкiмет билiгiнiң басшылығына бағынысты жұмыс iстейтiн жалдау жөніндегі бюролардың ұлттық жүйесiнен құралады.
1. Бұл жүйе жергiлiктi желiлердi, ал бұл орынды деп саналатын жерлерде елдiң әрбiр географиялық аймағына қызмет көрсетуге саны жағынан жеткiлiктi және кәсiпкерлер мен еңбекшiлер үшiн ыңғайлы орналасқан бюроларды да қамтиды. 2. Осы желiлердiң ұйымдары: а) мына жағдайларда: i) экономикалық қызметтi және өз бетiмен жұмыс iстейтiн адамдарды бөлуде едәуiр өзгерістер болған жағдайда және: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|