Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының (2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен кіріспе өзгертілді Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредитациялау - белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес келетiн заңды тұлғалардың асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға құқылы болуын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның ресми тануы; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) аттестат - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы беретiн, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiң тануын куәландыратын құжат; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) аттестаттау - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында субъектілерді мерзімді жүргізілетін комиссиялық бағалау; 4) бағалау - малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейiн тиiстi сынып бере отырып, оларды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiк сапасы, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау арқылы анықтау; 5) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабы - Қазақстан Республикасында бар, шығу тегi, өнiмдiлiгi мен асыл тұқымдық сапасы жағынан неғұрлым құнды белгiлi бiр тұқымға жататын мал туралы деректер жиынтығы; 6) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тiркелiмi - асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды мал табындарының сан және тұқым құрамы туралы деректер жиынтығы; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 7) асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөніндегі дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi - дистрибьютерлiк орталық) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, асылдандырушылар деп танылған асыл тұқымды малдың ұрығы мен эмбриондарын сатып алуға, сақтауға және сатуға маманданған заңды тұлға; 8) мал - адам өсiретiн, ауыл шаруашылық өндiрiсiне тiкелей қатысы бар ауыл шаруашылығы малы мен құсының барлық түрi; 9) зауыттық тип - тұқымның бiр бөлiгi болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттермен қатар өнiмділiгi, тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жөнiнен өзiнiң кейбір айрықша ерекшелiктерi бар, өсiрiлетiн аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi ауыл шаруашылық малының тобы; 10) кросс - малдың бiр тұқымдық желiсiн басқа бiр тұқымдық желiсiмен шағылыстырудан тарайтын мал тобы; 11) тұқымдық желi - бiр немесе бiрнеше үздiк тұқымдық малдан тарайтын ауыл шаруашылық малының бiр тұқым iшіндегі немесе тұқымаралық тобы; 12) ен салу (таңбалау) - тиiстi малды дәл сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға тағу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу; 13) асыл тұқымды өнiм (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондары; 14) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiнiң төлдiң шаруашылыққа пайдалы белгiлерiне ықпал ететiн деңгейi; 15) асыл тұқымды мал шаруашылығы - мал шаруашылығының малды асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған, тектiк әлеуетi жоғары малды өз төлiнен өсiруге, оларды сақтауға және өсiруге бағытталған саласы; 16) асыл тұқымды мал - өнiмдiлiк типiне, бағыты мен деңгейiне, тұқым стандартына сай келетiн, құжатпен расталған шығу тегi бар таза тұқымды, тұқымы жақсы, өнiмдiлігі жоғары мал; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 17) малды асылдандырушы шаруашылық - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, белгiлi бiр түр мен тұқымға жататын асыл тұқымды малды өсiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 18) асыл тұқымды мал зауыты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, белгiлi бiр тұқымға жататын сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бiр тұқым iшіндегі, аймақтық типке, зауыттық тұқымдық желiге, кроссқа, тұқым тобына жататын құндылығы жоғары малды өсiрумен, жетiлдiрумен және сатумен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъект; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 19) малды асылдандырушы орталық - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрығын алумен, жинақтаумен, сақтаумен, сондай-ақ асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сатумен айналысатын заңды тұлға; 20) тұқым - адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, "өз iшiнде" өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеп алып, iрiктеп бөлiп, тектiк типiне сәйкес келетiн технологиялық жағдай жасап, қолдау көрсетiлетiн шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бiр түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендiретiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнiң белгiлi бiр өзгешелiгi бар шығу тегi ортақ бiр түрiне жататын ауыл шаруашылық малының тобы; 21) шектеулi тектiк қоры бар тұқым - сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне ұқсасы жоқ, селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымға жататын мал тобы; 22) малдың ата-тегi - бiрнеше буын төлдiң ата-енесi және арғы тегi туралы мәлiметтер келтiрiлген, асыл тұқымды малдың шығу тегi; 23) қолдан шағылыстыру - жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру; 24) сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) - аккредитацияланған органдар беретiн, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесiнің шығу тегiн және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат; 25) тұқым тобы - тұқымдағы үздiк аналық малдан тарайтын буындағы ұрғашы малдан тұратын өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды мал тобы; 26) тұқым стандарты - малды бағалаған кезде өнiмдiлiгi, тұрқының типi мен шығу тегi жөнiнен тұқымға қойылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен нормативтiк құжаттарда белгiленген ең төмен талаптар; 27) эмбриондарды телу (алмастырып салу) - құндылығы жоғары малдан төл басын көбiрек алудың биотехнологиялық тәсiлi; 28) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты берiлген өкiлеттiк шегiнде iске асыратын орталық атқарушы орган; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 29) малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 30) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке тұлғалар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында аттестаттаудан өткен жеке тұлғалар; 31) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамитын ұрық; 32) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн заңды тұлғалар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган аккредитациялаған заңды тұлғалар (тұқым қуалаушылық-тектiк, төзiмдiлiк-тектiк зертханалар, сүттiң, жүннiң сапасын селекциялық бақылау зертханалары, ипподромдар, мал шаруашылығының бақылау-сынақ станциялары және басқалар). 2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет: тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру; тұқымның сақталуын қамтамасыз ету; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды орындауды тиiстi біліктiлiгi бар қызметкерлер жүзеге асырады. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретіндегі асыл тұқымды өнiм (материал) Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады. Егер осы Заңда және өзге де заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, асыл тұқымды өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады. 5-бап. Асыл тұқымды өнiмге меншiк құқығы және оны пайдалану Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) заңды және жеке тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың ғана сатуына болады. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) болған жағдайда рұқсат етiледi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 7-бап жаңа редакцияда 7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi. 8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану Заңды және жеке тұлғаларға асыл тұқымды малды өсiру мен пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы (пайдалануындағы) жерден жер учаскелерi мен суаттар берiледi. Жер учаскесi мен суаттарға құқық, оларды беру тәртібі мен пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда 9-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты Қазақстан Республикасының аккредитацияланған және уәкiлеттi органдары тиiсiнше берген сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) және ветеринариялық куәлiк болған жағдайда жүзеге асырылады. Асыл тұқымды өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң ресми органдары берген және Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік органдары таныған ветеринариялық куәлiк пен сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) болған жағдайда жүзеге асырылады. 2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және оның қызметiнiң негiзгi бағыттары ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 2-тараудың тақырыбы, 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның құзыретi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) асыл тұқымды малдың тектiк қорын дамыту, сақтау мен пайдалану бағдарламасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсынады; 2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 3) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау және малды өз төлiнен өсiру жөніндегі нормативтiк құжаттарды бекiтедi; 4) асыл тұқымды малды және асыл тұқымды мал табындарын есепке алу ережелерi мен нысандарын әзiрлеп, оларды статистика органдарына келiсуге ұсынады және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердi есепке алуды бекітілген нысандар бойынша жүргiзедi; 5) аттестаттауды жүргiзу тәртібі туралы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру тәртібі туралы ережелердi әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсынады; 6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 9) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктердi сынақтан өткiзедi және сапасын анықтайды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 11) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабын, өндiрiсте пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және басып шығарады; 12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi; 13) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14)-17) тармақшалармен толықтырылды 14) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді; 15) экспорттаушы елдердің ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің) қолданылуын тануды жүзеге асырады; 16) асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді; 17) асыл тұқымды малдың тектік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасының шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, малды асылдандыру орталықтарындағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын айқындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды 10-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (аймақтық) бағдарламаларды әзiрлейдi; 2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3)-10) тармақшалармен толықтырылды 3) аттестат берумен бірге асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді аттестаттауды жүргізеді; 4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып, сотқа жүгінеді; 5) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады; 6) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияны іске асырады; 7) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізеді; 8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің әрбір түрі бойынша және әрбір субъектіге орай субсидиялануға тиісті сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттар үшін бюджетте көзделген қаражат шегінде белгілейді; 9) бағалау туралы деректерді жинақтап, қорытады және жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді; 10) асыл тұқымды малдың, оның ішінде шектеулі тектік қоры бар тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда 11-бап. Уәкілетті органның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Уәкiлеттi органның басшысы әкiмшiлiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас инспекторы" және "Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспектор" деген қосымша арнаулы атауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен беруге құқылы. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Уәкiлеттi органның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторлары: 1) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектiлеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептiлiгiнiң жай-күйiн тексеруге; 2) субъектiлердiң асыл тұқымды өнiмдi (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау жағдайларының сәйкестiгiн тексеруге; 3) аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсететiн қызмет сапасын тексеруге; 4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормалары бұзылған жағдайда, анықталған бұзушылықты жойғанға дейiн асыл тұқымды өнiм (материал) сатуды тоқтата тұруға; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына қызметтерi Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген кезде, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде және тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берiлген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, асыл тұқымды мал зауытын, малды асылдандырушы шаруашылықты, малды асылдандырушы орталықты және дистрибьютерлiк орталықты аттестаттан айыру туралы ұсыныс енгізуге; 6) селекция және асыл тұқымды өнiмнен (материалдан) төл алу саласында жаңа технологиялардың, аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдiстердiң қолданылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға; 7) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тексеру жүргізу мерзімі жиырмаға дейін күнтізбелік күнді құрайды, қажет болған жағдайда тексеру мерзімі тағы да күнтізбелік он күнге ұзартылуы мүмкін. 3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың өздерінің құзыретi шегіндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң орындауы мiндеттi. 4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) жоғары тұрған органдарға не сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік реттеу ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер қызметiн мемлекеттік аттестаттау Мемлекеттік аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша өткiзiледi. Қайтадан аттестаттау аттестаттау мерзiмi аяқталғаннан кейiн мiндеттi түрде өткiзiледi. Асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық, дистрибьютерлік орталық мәртебесін, сондай-ақ малды өз төлінен өсіру және тұқымның, тұқымдық өнімнің (материалдың) құндылығын анықтау жөніндегі қызмет көрсетуді жеке және заңды тұлғаларға беру облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жүргізіледі. Аттестаттауды (қайтадан аттестаттауды) жүргiзу, сондай-ақ мәртебе беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттік есепке алу Заңдарда белгiленген тәртіппен танылған асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттік есепке алынуға тиiс. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының және асыл тұқымды мал табындарының саны мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттік тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдарына қарай енгiзiледi. Шығу тегi, өнiмдiлiгi мен асыл тұқымдық сапасы бойынша неғұрлым құнды мал туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң деректерi асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабына енгiзiледi. Асыл тұқымды малы немесе асыл тұқымды мал табындары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзе алады және бар малды немесе асыл тұқымды мал табындарын асыл тұқымды малдың мемлекеттік тiркелiмiне енгізу мақсатында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына есеп бере алады. Асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабы мен мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қол жетiмдi болып табылады.
Қазақстан Республикасының 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттау Асыл тұқымды өнiм (материал) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы белгiленген стандарттарға, нормалар мен ережелерге сәйкестiгiне мiндеттi сертификаттауға жатады. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттау асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, оларда тектiк ақаулықтың жоқтығын, сондай-ақ ұрығы мен эмбриондарының шығу тегiн және сапасын анықтау және құжатпен растау мақсатында жүргiзiледi. Сертификаттау нәтижелерi туралы құжат - сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) нақты малды асыл тұқымды мал деп тану үшiн негiз болып табылады және асыл тұқымды өнiмдi (материалды) пайдаланушы асыл тұқымды мал шаруашылығын жүргiзудiң технологиясын сақтаған жағдайда оны пайдалану тиiмдiлiгiнiң белгiлi бiр деңгейiне кепiлдiк бередi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңына сәйкес 15-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 15-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдаудың негiзгi нысандары мыналар: 1) асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялау; 2) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлердiң асыл тұқымды өнiмге (материалға) қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды субсидиялау. |