Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту (2008.25.09. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облысы әкімиятының 2010 жылғы 26 наурыздағы № 70 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Құмар Іргебайұлы Ақсақаловқа жүктелсін. 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 20 мамырдағы № 158 қаулысымен бекітілген
«Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу». 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 4) тармақшасы, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті 2, 3 қосымшаларда көрсетілген Тараз қаласы мен аудандардың білім бөлімдері және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер Әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|