| ||||||||||||||||||||
|
|
|
«Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 7-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 5-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаевқа Қазақстан Республикасының атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |