|
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы (Минск қ., 2008 жылғы 30 қазанда)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 2 шілдедегі № 665 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сыртқы саяси, әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және өзге де ынтымақтастық барысында пайдаланылатын мемлекеттік құпияларды, сондай-ақ осындай ынтымақтастық процесінде пайда болған мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Тараптардың заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және Беларусь Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғауды қамтамасыз етуде Тараптардың өзара мүддесін ескере отырып, 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді назарға ала отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: құпия ақпарат - олардың рұқсатсыз таратылуы Қазақстан Республикасының және (немесе) Беларусь Республикасының қауіпсіздігіне және мүдделеріне залал келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және (немесе) Беларусь Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын, кез келген нысанда көрініс тапқан, Тараптардың әрқайсысының заңнамасына сәйкес қорғалатын, сондай-ақ Тараптардың ынтымақтастығы процесінде пайда болған мәліметтер; құпия ақпаратты қорғау - Тараптардың заңнамасына және осы Келісімге сәйкес құпия ақпаратты заңсыз таратуды болдырмау жөніндегі құқықтық, ұйымдастыру, техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және өзге де шараларды қабылдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|