Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 469 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 325 бұйрығымен күші жойылды
«Салық төлеушілердің резиденттілігін растау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Салық төлеушілердің резиденттілігін растау - бұл салық органдарының Қазақстан Республикасы резидентінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының резиденті сертификатын немесе Қазақстан Республикасының резидентілігі сертификатын беруден бас тарту беру бойынша көрсететін қызмет. Қазақстан Республикасы резидентінің сертификаты - салық төлеушінің Қазақстан Республикасында жасалған табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және табыстар мен капиталға (мүлікке) салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық келісімдердің (конвенциялардың) ережелерін қолдануы мақсатында салық органы беретін құжат. 2. Қазақстан Республикасының салық резиденттілігін растайтын құжатты беру бойынша қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған. 3. Қазақстан Республикасының салық резиденттілігін растайтын құжатты беру бойынша қызмет көрсету «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексі 130-1-бабының 3-тармағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында жасалған Қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенциялардың ережелері негізінде ұсынылады. 4. Қазақстан Республикасының салық резиденттілігін растайтын құжатты беру бойынша қызметі облыстар, Алматы және Астана қаласы бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық органдары, салық төлеушінің есеп тіркеуінде тұрған салық органынан жоғары салық органы көрсетеді (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінен басқа). 5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) Қазақстан Республикасының резидентілігі сертификаты немесе Қазақстан Республикасының резидентілігі сертификатын беруден бас тарту болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|