Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2008 жылғы 17 шілдедегі жедел ақпараты
Өнеркәсіп.2008 жылғы қаңтар-маусымда 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсімге Атырау (23,0%), Жамбыл (11,1%) және Павлодар (9,2%) облыстары қол жеткізді. Мұның өзінде 4 өңір өнеркәсіп өндірісінің республикалық деңгейінен асып түсті. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің төмендеуі Қарағанды (5,2%), Қызылорда (1,7%) облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында (тиісінше 14,9% и на 9,1%) байқалды.
2008 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуі (төмендеуі) (2007 жылғы қаңтар-маусымға %-бен)
Шикі мұнай өндіру Атырау (27,8%), Жамбыл (7,6%) және Батыс Қазақстан (2,6%-ға) облыстарында өсті. Ақтөбе мен Қызылорда облысында ол, тиісінше, 3,1% және 3,4%-ға төмендеді. Газ конденсатын өндіру Маңғыстау (86,3%), Жамбыл (7,6%) және Батыс Қазақстан (2,5%-ға) облыстарында өсті. Қостанай облысында теміркенді шекемтастар өндірісі 9,8%-ға төмендеді. Мыс кенін өндіру Павлодар (2 есе) және Шығыс Қазақстан облыстарында (40,7%) өсті, ал Қарағанды облысында оны өндіру 6,3%-ға төмендеді. Болат қорыту Павлодар (37,7%), Қостанай (28,4%) облыстарында өсті, ал Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында оның өндірісі, тиісінше, 3,5% мен 5,4%-ға төмендеді. Өңделмеген мырыш өндіру Шығыс Қазақстан облысында - 0,2%-ға өсті, ал Қарағанды облысында өны өндіру - 10,2%-ға төмендеді. Тазартылған мысты қорыту Алматы қаласында (16,2%) және Қарағанды облысында 10,6%-ға төмендеді. Шығыс Қазақстан облысында жолаушыларға арналған жеңіл автомобильдер шығару 2,8%-ға төмендеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|