|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат): 1) 14-баптың екінші бөлігінде: бірінші сөйлемдегі «немесе прокурордың» деген сөздер алып тасталсын; екінші сөйлемдегі «прокурордың» деген сөз «соттың» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 57-баптың үшінші бөлігінде: төртінші абзацтағы «аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттар;» деген сөздер «аудандық және оларға теңестірілген соттар жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзац алып тасталсын; 3) 59-баптың екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «өзгертуге құқығы бар.» деген сөздер «өзгертуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын: «4) тергеуші, анықтау органы, прокурор айыпталушыға, сезіктіге қатысты таңдаған үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция беруге және олардың мерзімдерін ұзартуға құқығы бар.»; 4) 109-баптың бесінші бөлігінің үшінші сөйлеміндегі «қалалық (аудандық)» деген сөздер «аудандық және оған теңестірілген» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын: «110-бап. Айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына шағымдану, наразылық білдіру 1. Айыпталушы, сезікті, олардың қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық немесе оған теңестірілген сотқа оның жарияланған кезінен бастап үш тәулік ішінде шағымдануға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы. Шағым беру немесе наразылық келтіру, осы Кодекстің 154-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы сот қаулысының орындалуын тоқтатпайды және адамды күзетпен ұстаудан босатуға әкеп соқпайды. Соттың қаулысына шағымдануға, наразылық білдіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымы, наразылығы бар іс бұл туралы айыпталушыға, сезіктіге, олардың қорғаушысына, заңды өкіліне, жәбірленушіге, оның заңды өкіліне, өкіліне және прокурорға хабар беріле отырып, облыстық немесе оған теңестірілген сотқа кідіріссіз жіберіледі. 2. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей, айыпталушыға, сезіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады. 3. Сот отырысына прокурор және айыпталушының, сезіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа айыпталушы, сезікті, айыпталушының, сезіктінің заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі де қатыса алады, шағымның, наразылықтың қаралатын уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы соттың шағымды, наразылықты қарауына кедергі келтірмейді. 4. Сот тараптардың дәлелдемелерін тыңдап, қылмыстық істің материалдарын қарай келіп, мынадай: 1) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы; 2) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына берген санкциясының күшін жоя отырып, оның қаулысының күшін жою туралы; 3) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою туралы және айыпталушыға, сезіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы; 4) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою және айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту не ұзарту туралы дәлелді қаулылардың бірін шығарады. Сот қаулысының көшірмесі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен іс қозғаған қылмыстық қудалау органына, сондай-ақ прокурорға, айыпталушыға, сезіктіге, қорғаушыға, айыпталушының, сезіктінің заңды өкіліне және өкіліне, жәбірленушіге, оның заңды өкіліне және өкіліне, адамды күзетпен ұстау орнының әкімшілігіне жіберіледі және дереу орындалуға тиіс. 5. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың жасаған шағымы немесе прокурордың білдірген наразылығы қанағаттандырылмай қалған жағдайда, қамауға алу мерзімінің жаңадан әрбір ұзартылуы кезінде сол адамның немесе прокурордың нақ сол іс бойынша, нақ сол негіздер бойынша жасаған шағымын, білдірген наразылығын қайтадан қаратуға құқығы бар. Қайтадан жасалған шағым, білдірілген наразылық осы бапта көзделген тәртіппен қаралады. 6. Судья осы бапта көзделген тәртіппен шағымды, наразылықты қараған кезде хаттама жүргізіледі.»; 6) 111-баптың бірінші бөлігіндегі «110» деген цифрлар «109» деген цифрлармен ауыстырылсын; 7) 136-баптың үшінші бөлігіндегі «анықтаушының, тергеушінің ұсталған адамға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырған» деген сөздер «айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы сот» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктегі «прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша» деген сөздер «соттың санкциясымен» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік «153» деген цифрлардан кейін «және 496-499» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 150-бап мынадай редакцияда жазылсын: «150-бап. Қамауға алу 1. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция беруімен ғана және заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қасақана қылмыстар жасаған деп және заңмен үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыстар жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыстар туралы істер бойынша айыпталушыға, сезіктіге қатысты, егер: 1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаса; 2) оның жеке басы анықталмаса; 3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса; 4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, қолданылуы мүмкін. 2. Прокурор, тергеуші, анықтау органы қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде таңдау қажет болған кезде сот алдында қамауға алуға санкция беру туралы өтінішпен іс қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулымен бірге өтініштің негізділігін растайтын қылмыстық істің материалдары қоса беріледі. Егер өтініш осы Кодекстің 132 және 134-баптарындағы негіздерде және тәртіппен ұсталған сезіктіге қатысты қозғалса, аталған қаулы мен материалдар ұстау мерзімі аяқталғанға дейін он сегіз сағаттан кешіктірілмей прокурорға табыс етілуге тиіс. 3. Айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы тергеушінің немесе анықтау органының өтінішін қолдау туралы мәселені шешу кезінде прокурор күзетпен ұстауға негіздерді қамтитын барлық материалдармен танысуға міндетті және айыпталушыдан, сезіктіден жауап алуға құқылы. Прокурор табыс етілген барлық материалдарды зерделеп, заңда көзделген негіздер болған кезде және неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасын таңдау жолымен осы Кодекстің 139-бабында көзделген зардаптарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, тергеушінің немесе анықтау органының айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдау туралы қаулы шығарады. Өтінішті қолдаудан бас тартылған жағдайда, прокурор тергеушінің немесе анықтау органының айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Прокурор өтінішті қолдаудан бас тартқан кезде айыпталушы, сезікті күзетпен ұстаудан дереу босатылуға тиіс. Тергеушінің немесе анықтау органының айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстаудан босату туралы прокурордың қаулысына тергеуші, анықтау органы не өздерінің немесе берілетін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар жоғары тұрған прокурорға осы Кодекстің 109-бабының тәртібімен шағым жасай алады. 4. Тергеушінің, анықтау органының қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдау туралы прокурордың қаулысын, сондай-ақ оның негізділігін растайтын материалдарды прокурор ұстау мерзімі аяқталғанға дейін он екі сағаттан кешіктірмей сотқа табыс етуге тиіс. Судья қажет болған жағдайда қылмыстық істі сұратуға құқылы. 5. Қамауға алуға санкция беру құқығы аудандық және оған теңестірілген соттың судьяларына, ал осы Кодекстің 110-бабы төртінші бөлігінің 3) тармағында көзделген жағдайларда - облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі. 6. Қылмыстық қудалау органының айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен іс қозғау туралы прокурор қолдаған қаулысы алдын ала тергеу ісі жүргізілген жер бойынша не сезіктінің ұсталған жері бойынша сот отырысында айыпталушының, сезіктінің, прокурордың және қорғаушының қатысуымен материалдар сотқа түскен кезден бастап сегіз сағат ішінде аудандық немесе оған теңестірілген сот судьясының жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына айыпталушының, сезіктінің заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі де қатысуға құқылы. Процеске қатысушыларға сот отырысының орны мен уақыты туралы сот уақтылы хабарлаған жағдайда олардың сотқа келмей қалуы сот отырысын өткізуге кедергі болмайды. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі. 7. Қамауға алуға санкция беруге байланысты мәселелерді шешу кезінде сот аталған бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты істің материалдарын зерделеумен шектеледі. 8. Айыпталушы болмаған кезде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті соттың қарауына оған іздестіру жарияланған немесе ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған кезде алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларда ғана жол беріледі. 9. Судья отырыстың басында қандай өтініштің қаралуға жататынын хабарлайды, сот отырысына келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан кейін прокурор айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде таңдаудың қажеттілігін негіздейді, бұдан соң сот отырысына келген басқа да адамдар тыңдалады. 10. Судья айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қарап, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы не қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарады. 11. Соттың қаулысы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен іс қозғаған қылмыстық қудалау органына, сондай-ақ прокурорға, айыпталушыға, сезіктіге, жәбірленушіге кідіріссіз жіберіледі және дереу орындалуға тиіс. 12. Қылмыстық қудалау органының нақ сол қылмыстық іс бойынша нақ сол бір адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен сотқа қайтадан жүгінуіне, судья аталған бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарғаннан кейін, қамауға алу қажеттігін негіздейтін жаңа мән-жайлар туындаған кезде ғана мүмкін болады. 13. Егер сотталушы адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе сотта туындаса, сот бұл туралы шешімді тараптың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша қабылдайды, ол туралы қаулы шығарады. 14. Қылмыстық процесті жүргізуші орган айыпталушының, сезіктінің туыстарына қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде қолданатыны жөнінде осы Кодекстің 138-бабында белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті. 15. Айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы немесе одан бас тарту туралы соттың қаулысына осы Кодекстің 110-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 16. Аудандық немесе оған теңестірілген соттың қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы мәселені облыстық немесе оған теңестірілген соттың қарауы осы Кодекстің 110-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»; 10) 152-баптағы «санкцияландырған», «санкция берген» деген сөздер «бекіткен» деген сөзбен ауыстырылсын; 11) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын: «153-бап. Қамауға алудың мерзімдері, оларды ұзарту тәртібі 1. Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың мерзімі, осы Кодексте көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспауға тиіс. 2. Тергеуді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою үшін негіздер болмаған кезде бұл мерзімді тергеушінің аудандық (қалалық) прокурормен және оған теңестірілген өзге де прокурорлармен келісілген дәлелді өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы - үш айға дейін, ал тергеушінің облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен келісілген дәлелді өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы - алты айға дейін ұзартуы мүмкін. 3. Қамауға алуды алты айдан астам мерзімге ұзартуды тек істің ерекше күрделілігіне орай тергеу бөлімі бастығының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген дәлелді өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы - тоғыз айға дейін жүзеге асыруы мүмкін. 4. Қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге ұзартуға ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталушы адамдарға қатысты ерекше жағдайларда тергеу бөлімі бастығының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген дәлелді өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген сот судьясының он екі айға дейін ұзартуына жол беріледі. Қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы мәселе облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның алқасында алдын ала қаралады. 5. Қамауға алу мерзімін бұдан әрі ұзартуға жол берілмейді, қамауға алынған айыпталушы дереу босатылуға тиіс. Қамауға алу мерзімі айыпталушыға айып тағылған қылмысты жасағандығы үшін қылмыстық заңда көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс. 6. Қамауға алу мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтініш аудандық (қалалық) прокурорға және оған теңестірілген өзге де прокурорларға қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін он тәуліктен кешіктірілмей келісім беру үшін табыс етіледі және прокурор өтініш келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды. 7. Қамауға алуды үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтініш келісім беру үшін прокурорға қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін он бес тәуліктен кешіктірілмей табыс етіледі және прокурор ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды. 8. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарап, прокурор келісімін білдіреді және оны қамауға алу мерзімін ұзартудың негізділігін дәлелдейтін қылмыстық істің материалдарымен бірге тиісті сотқа кідіріссіз жолдайды не өтінішке жазбаша қарар жазып, келісім беруден дәлелді түрде бас тартады. Прокурор қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қолдамаған жағдайда айыпталушы қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға тиіс. 9. Қамауға алу мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтініш сотқа - қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей, қамауға алуды үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтініш он тәуліктен кешіктірілмей табыс етіледі. 10. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш судьяның жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына міндетті түрде прокурор қатысады. Отырысқа айыпталушының қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі де қатыса алады, олардың шағымды, наразылықты қарау уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде келмей қалуы оларды сотта қарауға кедергі келтірмейді. 11. Судья отырыстың басында қандай өтініштің қаралуға жататынын хабарлайды, келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, содан кейін енгізілген өтініш бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қалдыру қажеттігіне қатысты тараптардың дәлелдемелерін тыңдай келіп, мынадай: 1) айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандыру туралы; 2) айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту және бұлтартпау шарасының күшін жою немесе қатаң еместеуіне өзгерту және айыпталушыны күзетпен ұстаудан босату туралы қаулылардың бірін шығарады. 12. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы өтініш келіп түскен күннен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарауға тиіс. 13. Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы айыпталушыны қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға ол туралы хабарлауға міндетті. Егер бұлтартпау шарасы ретінде заңмен белгіленген қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін айыпталушыны босату туралы не бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп түспесе, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы оны өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе адамға және прокурорға жібереді. 14. Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы осы баптың он үшінші бөлігінің талаптарын орындамаған кезде заңмен белгіленген жауаптылықта болады. 15. Қамауға алудың мерзімі айыпталушы, сезікті күзетпен ұстауға алынған кезден бастап прокурор істі сотқа жібергенге дейін есептеледі. Адамды сезікті ретінде ұстау уақыты, соттың шешімі бойынша үйде қамауда ұстау және психиатриялық немесе өзге де медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне есептеледі. Айыпталушының, оның қорғаушысының, сондай-ақ прокурордың осы Кодекстің 282-бабының тәртібімен қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты қамауға алу мерзімін есептеу кезінде ескерілмейді. 16. Айыпталушыны, сезіктіні нақ сол бір іс бойынша, сондай-ақ онымен біріктірілген немесе одан бөлектелген қылмыстық іс бойынша қайта қамауға алу жағдайында қамауға алу мерзімі күзетпен ұстауда өткізілген уақыт ескеріле отырып есептеледі. 17. Іздестірілудегі адамды шет мемлекет Қазақстан Республикасына берген жағдайда қамауға алу мерзімі ол Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап есептеледі. Бұл ретте адамды шет мемлекеттің аумағында экстрадициялық қамауға алу тәртібімен күзетпен ұстау уақыты оны берген жағдайда жаза тағайындау кезінде жалпы күзетпен ұстау мерзіміне есептеледі. 18. Осы бапта белгіленген айыпталушыны қамауға алу мерзімін есептеу мен ұзартудың тәртібі қадағалау сатысында іс жүргізудің нәтижесінде немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімнің күшін жою және соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып, істі жаңа тергеуге жіберуі кезінде де қолданылады. 19. Сот айыпталушыны қамауға алудың шекті мерзімі аяқталмаған, ал бұлтартпау шарасын өзгерту үшін негіз жоқ істі қосымша тергеу үшін қайтарған кезде сол сот соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдың шегінде қамауға алу мерзімін ұзартады.»; 12) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын: «154-бап. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту 1. Бұлтартпау шарасы оған қажеттілік болмаған кезде күшін жояды немесе осы Кодекстің 139 және 141-баптарында көзделген бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздер өзгерген жағдайда неғұрлым қатаң немесе жеңіл шараға өзгертіледі. 2. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту қылмыстық процесті жүргізетін органның дәлелді қаулысы бойынша жүргізіледі. 3. Прокурор санкция берген, қолданған, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында оның нұсқауы бойынша таңдалған бұлтартпау шарасы тек прокурордың келісімімен күшін жоюы немесе өзгертілуі мүмкін. 4. Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою туралы қаулысына шағымдану, наразылық білдіру осы Кодекстің 103-109-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі. 5. Айыпталушыға, сезіктіге соттың санкциясы бойынша қолданылған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық қудалау органының прокурор қолдаған дәлелді қаулысының негізінде соттың санкциясымен жүргізіледі. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулы қылмыстық істің материалдары сотқа келіп түскен кезден бастап сот отырысына прокурордың қатысуымен алты сағаттың ішінде судьяның жеке-дара қарауына жатады. Қажет болған жағдайда судья сот отырысына айыпталушының, сезіктінің, олардың қорғаушысының, заңды өкілінің, жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, өкілінің қатысуын қамтамасыз етеді. 6. Айыпталушыға, сезіктіге қатысты қылмыстық қудалау ақтап алу негіздері бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында тоқтатылған кезде қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жоюды тергеуші, анықтау органы прокурордың келісімімен дереу жүргізеді. 7. Қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға берілген санкцияның күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы соттың қаулысына шағымдану, наразылық білдіру осы Кодекстің 110-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.»; 13) 197-баптың бірінші бөлігінің 15) тармағының «және бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауға алудың» деген сөздер алып тасталсын; 14) 267-баптың үшінші бөлігіндегі «прокурордың» деген сөз «соттың» деген сөзбен ауыстырылсын; 15) 283-бап мынадай редакцияда жазылсын: «283-бап. Прокурордың іс бойынша бұлтартпау шарасы туралы шешімі Айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша прокурор дәлелді қаулысымен айыпталушыға бұрын таңдап алынған бұлтартпау шарасының күшін жоюға немесе оны өзгертуге не егер ондай бұлтартпау шарасы қолданылмаған болса, қамауға алудан немесе үйде қамауда ұстаудан басқа, бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы. Егер, прокурор қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын жою, өзгерту не таңдап алу қажет деп санаған жағдайда ол тиісінше осы Кодекстің 149, 150, 154-баптарын басшылыққа алады.»; мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.»; сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қылмыстық істі тергеудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты осы Кодекске сәйкес прокурор санкция беруге тиіс тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге санкцияларды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры береді. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау мерзімін осы Кодекстің 153-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған ұзартуды Астана қаласының аудандық соты жүргізеді. Қамауда ұстауды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қолдауы туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алқасында алдын ала қаралады.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |