Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен
Осы редакция 2008 жылғы 16 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын қаруға, әскери техника мен өзге де әскери мүлікке билік ету құқығы берілген уәкілетті орган болып айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Әскери-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) функциялары мен өкілеттіктері беріліп, таратылсын. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары өкілдерінің Комиссия жұмысына қатысуын қамтамасыз етсін. 4. Комиссия Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда босаған екі ұдай мақсаттағы қару-жарақты, әскери техника мен өнімдерді сату мәселелері жөніндегі ұсыныстарын, шешім қабылдау үшін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Екі ұдай мақсаттағы қару-жарақты, әскери техника мен өнімдерді сату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына тапсырады деп белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асыратын уәкілетті кәсіпорын болып белгіленсін: 1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде пайдаланылмайтын қару-жарақты, әскери техниканы, қорғаныс объектілері мен өзге де әскери мүлікті кәдеге жарату, жалға беру және сату; 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның экспорты; 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы бөліктерінің және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның импорты. 6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жарақтарын, әскери техникасын және өзге де әскери мүліктерін сату және пайдаға асыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1140 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 786 қаулысы; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 786 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 желтоқсандағы № 1875 қаулысы 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|