| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 323-жолда: 2-бағандағы «маусым» деген сөз «желтоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-бағанда: «мамыр» деген сөз «қараша» деген сөзбен ауыстырылсын; «маусым» деген сөз «желтоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын. 2) «Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө өкімінде: көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 4-жолдың 5-бағанындағы «маусым» деген сөз «желтоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |