|
Топонимдердің семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктері
Гулбаршын СЫЗДЫҚОВА, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия үлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
Тіл қоғаммен тығыз байланысты құбылыс десек, тілдің дыбыстық жүйе, сөздік қор және грамматикалық құрылысындағы өзгерістер сол тілде сөйлейтін халықтың болмысы мен дұниетанымы, этникалық мәдениеті мен рухани өміріндегі жаңалықтармен түрлі қарым-қаты-настың нәтижесінде пайда болады. Бұл жалпы тіл атаулыға ортақ заң-дылық екені белгілі. Тілдің өмірін халық, қоғам өмірімен, сондай-ақ тілдің дамуын халық, қоғам дамуымен бір деп тану олардың арасын-дағы табиғи түтастықты танытады. Алайда тіл мен қоғам арасындағы табиғи түтастыққа тарих пен тілдің қатысы бірдей емес. Ол жөнінде академик Ә.Қайдаров «тарихи деректер әр түрлі объективті себептермен сақталмауы, сақталса да бүгінгі күнге жетпеуі мүмкін. Ал тіл болса, ол қаншама дәуірді басынан кешірсе де, толассыз толығып, ғасырлар бойы жаңғырып, жаңа-рып отырса да, өткен өмірдің куәгері болуы сөзсіз» дейді [1. 140]. Сондықтан тілдің лексикалық қорын, ондағы сөздерді шығуы, да-муы, мағынасы, құрылымы жағынан түрлі тілдік бағытта зерттеу жұмысы тіл тарихымен қатар қоғам үшін де маңызды болып табылады. Жалпы тіл ғылымында жүргізіліп жатқан түрлі ғылыми зерттеулерге қарамастан, әлі де болса кеңірек, тереңірек қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелер де баршылық. Сондай мәселелердің бірі топонимдерді семантикалық және сөзжасамдық тұрғыдан қарастырумен байланысты. Қазақ топонимдері тек этимологиясы жағынан ғана емес, құрамы мен құрылымы жағынан да күрделі. Топонимдерді сөзжасамдық тұрғыдан зерттеу олардың семантикалық сипаты мен морфологиялық құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|