|
Лексикадағы жаңа қолданыстардың табиғаты
Ләззат ЕСПЕКОВА, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Сөздің мағыналық жағы мен дыбыстық формасы бір қалыпта тұрмай, үнемі өзгеріске түсіп отырады. Кейде бұл өзгеріс ішкі мағынада болып, сыртқы формасы сол қалпында қалуы мүмкін, кейде сыртқы формасы да, мағынасы да өзгеріп жатады. Соның негізінде тілімізде түрлі жаңа қолданыстар пайда болады. Әрине кез келген жаңаның бәрі «жоқтан» болмайды. Оған әрқашан негіз болатын, нәр беретін тілдік материалдар болып табылады. Жаңа қолданыстарды пайда болу ерекшелігіне қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Әдеби тілімізде пайда болып жатқан жаңа сөздер. 2. Қолданылу өрісі тар лексикадағы жаңа сөздер. 3. Ақын-жазушылар қолданысындағы жаңа сөздер. Алғашқы топтағы жаңа сөздер, көп жағдайда, қоғамдық қажеттіліктен туындап, әдеби тілімізден орнықты орын алып жатады. Бұған мысал ретінде соңғы 15-20 жылдың ішіндегі нарықтық экономикаға байланысты пайда болған жаңа қолданыстарды келтіруге болады. А.Айғабылұлы: «Тіл - тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер дейтінін» айтады. Ғалым тілімізде пайда болып жатқан неологизмдерді актив қатарына енбеген жаңа десе, ал неологизмдердің бір түрі ретінде қарастырылып жүрген жеке автордың қолданысындағы жаңа сөздер стильдік мақсатпен қолданылғандықтан «... сол күйінде неологизм болып қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі әбден мүмкін» - дейді [1. 27]. Ш.Бәйтікова «Қазақ тіліндегі неологизмдер» деген еңбегінде «бұл неологизмдерді қарастыруда халықтың өміріндегі «тарихи мерзімнен» ажыратып қарастырмау керек деген» пікірді ұсынады [2. 4]. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|