Жайықтың жағасында бір қала бар
Амангелді ШАХИН, Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің қызметкері
Елді мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіріп, халықтың жадын жаңарту бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көтеріле бастады. Бұл - ұлттық рухтың оянғандығының, қоғамдық сананың жаңғыруының белгісі. Шүкіршілік, Қазақстанның аумақтық тұтастығының көрші елдер (соның ішінде ең бастылары Қытай мен Ресей) танып, шекараларын рәсімдеп алды. Еліміздің экономикасы түзеліп, ұлттық дәстүрлері жаңғырып, бір сөзбен айтқанда, төрт құбыласы түгелденіп келеді. Өз алдымызға тәуелсіз ел бола алатынымызды әлемге паш еттік. Бірақ саясатшылардан басқаның көзіне көрінбейтін, қазақтан басқаның жүрегіне зіл түсірмейтін, ғасырлар бойы асқынып келіп елдіктің алқымына тіреліп түрған бір зымиян қате бар. Ол - тіл тағдыры. Қазағымыздың өзі қолданыстан шығарып тастай жаздаған ана тілі. Тіл жоғалса, ұлт жойылатынын, ұлт кетсе, Еуразия құрлығында тағы бір Америка ашылатынын түсінетін уақыт жетті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|