|
C. Аманжолов антропонимдердің танымдық сипаты туралы
Эльвира ОРАЗАЛИЕВА, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
Тіл ғылымы динамикалық түрде дамып отыратын аса маңызды ғылым салаларының бірі болғандықтан, оның құрылымдық бірліктері, мағыналық бөлшектері және қатысымдық тұлғалары адам болмысымен тығыз байланыста талданып, жаңа тұжырымдамалармен толыға түсуде. Тілді барша тыныс-тіршіліктің көзі деп қарастырған ғалымдар тілдік фактілерді пәнаралық байланыс негізінде зерттеген орынды деп есептеген. Осыған орай, лингвистиканың да аясы кеңейіп, тың бағыттар жүйеленіп, ғылымдар сабақтастығынан туындаған өзекті салалар дүниеге келді. Қазіргі тіл білімінің маңызды мәселелері қатарында тілдің танымдық қызметін айқындайтын когнитивті лингвистиканың қалыптасып дамуын айтуға болады. Тіл ғылымының бұл саласы адамның ойлау жүйесінің табиғатын, ішкі заңдылықтарын қарастырудың жаңа үлгісін құрайды. Психолингвистикамен тығыз байланыста сұрыптала отырып, когнитивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы ортамен үздіксіз қатынаста болу, тану, бақылау, пайымдау секілді проблемаларды ұғым, семантика тұрғысынан талдап көрсетуге бағытталған сондықтан оның өзге аспектілермен бірге кең көлемде дамып келе жатқан екі түрлі бағытын атаған орынды: 1) когнитивті грамматика, когнитивті лексикология және т.б. 2)концептуалды семантика, фреймдік семантика және т.б. Когнитивті грамматикада басты үш құрылымдық ерекшелікке көңіл бөлінеді, олар: символдық, семантикалық және фонологиялық құрылымдар. Ал концептуалды семантика танымдық процесті ұғымдардың пайда болуы, трансформациялануы (бір күйден екінші күйге ауысуы) тұрғысынан түсіндіреді, нәтижесінде адамның концептуалды жүйесі үнемі толығу үстінде болатын процесс деген қорытынды жасалынады. Когнитивті терминдер сөздігінде оған төмендегідей анықтама беріледі: «Когнитивная лингвистика -лингвистическое направление, в центре которого находится язык как общий когнитивный механизм, как когнитивный инструмент - система знаков, играющих роль в репрезентации и в трансформации информации»(1; 53). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|