|
Әр атаудың өз сыры бар...
Жупар ӘБДІКЕЕВА, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының ізденушісі
Жер бетінен атауы жоқ белгі-бедер таба алмайтынымыз ақиқат. Байтақ даланы жыл маусымдарының жағдайына орай күнкөріс көзі ете білген көшпелілер әлемі үшін географиялық атаулардың мәні айрықша болған. Шығыс зерттеушісі, әйгілі ғалым, академик В.В. Бартольд: «Орта Азияда, оның ішінде түркі халықтарының арасында жер-су ата-улы өзінің қарапайымдылығымен, айқын да түсініктілігімен, мейлінше ұғымталдығымен және тарихи деректілігімен таң қалдырады» [1,73], -десе, 1828 жылдары қазақ елінің Жиделі Байсын өлкесіне саяхат шеккен орыс офицері Майендорф «Орынбордан Бұқараға саяхат» атты жолжазба еңбегінде: «қазақ елі жерінің, суының, тауларының, орман-тоғайының аттары әр маңның табиғи көріністері мен қадір қасиеттеріне дәлме-дәл келеді, қазақ халқы жер-суға ат қоюға келгенде аса білгір, өте тапқыр, топырақтың түріне, таудың, орманның, көлдің, өзеннің ішкі қасиеттеріне, сыртқы көріністеріне қарай дөп басып, бірімен-бірі ешуақытта алмастырмайтындай лайықты ат тауып қоюға шебер», -деген пікірі жер-су атауларының тарихи атауына мән беріліп жатқан қазіргі кезде нысанада ұстайтын негізгі қағида. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|