Жер-судың жаралуы туралы мифтердің типологиясы
АқеділТойшанұлы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері
Жер-судың жаралуы туралы мифтерден халқымыздың байырғы дүниетанымына қатысты көптеген мәліметтерді байқауға болады. Мифтерде жер-судың аты-жөні оның пайда болу, жаралу тарихымен тура байланысты болады. Өйткені мифологиялық ойлаудың ерекшелігі бойынша зат пен оның аты-жөні, жаралу тарихы бір-бірімен тікелей қарым-қатынаста болуға тиіс. [1,165] Ежелгі адам аты жоқ затты пайдалануға тыйым салған. Ал, затқа ат беру - оны түсіндіру деген сөз. Жаратылған затты түсіндіре бастау - бұл мифтің өмір сүре бастауының белгісі. Мифологиялық ойлаудың тағы бір кілтипаны космостың бүкіл кескінін жұптық тайталас (бинарная оппозиция) ауанында түсіндіреді. Демек, аты жоқ болса, әлі «игерілмеген кеңістік», ал, аты бар болса ол «игерілген кеңістікке» жатады. Ежелгі түсінік бойынша әр рудың мекен-қонысы сол қауымның қасиетті ата-бабасының, тайпа тотемінің рухы ұялаған нақтылы мызғымайтын шекара [2,58], яғни «игерілген кеңістік» болып табылады. Сондықтан да қадым заманда жер-судың аты-жөні ерекше қасиетке баланып, оның шығу тегі жөнінде неше түрлі аңыздар, мифтер таралған. Бұл туралы біз зерттеп отырған қазақ мифтерін шартты түрде екі топқа жіктеуге болады. I. Тау-тастың пайда болуы туралы мифтер. II. Өзен-су, көлдің пайда болуы туралы мифтер. Бірінші топқа Қалмақтолағай ,Алаңғасар алып, Жетітөбе, Егілген төбе, Масат ата, Тасбас сияқты мифтер жатады. Екінші топқа Бурабай, Жайық, Шыңғырлау, Жылаған ата, Атасу, Түлкібас т.с.с. мифтер енеді. Біз типологиялық тұрғыдан бір-біріне ұқсас мотивтерді зерттеу нысанамызға лайықтап іріктеп алдық. Алдымен 1 топқа жататын тау-тастың жаралуы туралы мифтерді сарапқа салайық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|