|
Өңіріміздің физикалық-географиялық жағдайын анықтаудағы халықтық географиялық атаулардың мәні мен мазмұны
Зоя ҚАЖИАҚПАРОВА, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты география кафедрасының аға оқытушысы
Еліміз өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құруына байланысты білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісін жаңаша құру қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында және басқа да маңызды мемлекеттік құжаттарда негізделген. Жалпы алғанда бұрынғы кеңестік тоталитарлық жүйемен өтпелі кезең өткелдері білім беру саласын дағдарысқа ұшыратты. Білім беру жүйесі әлемдік тәжірибеден оқшау, қазақи негізден қол үзіп қалды, ұлттық педагогикадан тысқары идеология құралы ретінде саналып келген. Егеменді ел болып, еңсе тіктегеннен кейінгі кезеңде оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық мәдениет пен ел тарихын, табиғатын, экологиялық, әлеуметтік жағдайын тереңірек түсінуіне, яғни ұлттық дүние танымын қалыптастыруға ерекше назар аударыла бастады. Демек қазіргі танда туған өңіріміз аумағын жан-жақты зерттеуде ғылыми жұмыстардың маңызы бұрынғыдан арта түсті. Өңіріміздің физикалық-географиялық күй-жағдайын зерттеп білуде географиялық атаулардың мәнін ашудың маңызы зор. Өлкетанудың теориялық және тәжірибелік иірімдерін зерттеумен айналысқан, Қазақстанда өлкетану білімінің алғашқы негізін салған қазақтың бір туар ғалымы Шоқан Уәлиханов еңбектерінде халықтық топонимикалық мағлұматтардың табиғи ортаменен қатысы көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|