|
Топонимжасам мәселелері
Бердібек БИЯРОВ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Қазақ тілінің қайта өрлеу кезеңі басталғаннан бері, ең алдымен терминжасам мәселесі қауырт көтерілді. Терминдерді ұлттық тілде сөйлету - уақыт талабынан туған және әлі де өзекті болып отырған міндет. Бұл салада бірнеше іргелі ғылыми еңбектер жазылды. Терминжасам кірме терминдерді ауыстыруда, жаңа терминдер тудыруда сөзжасамдық әдіс-тәсілдерге сүйенгені анық. Дәл осы кезден (1990-шы жылдар) бастап, ономастикалық мәселелер, оның ішінде жер-су аттарын ауыстыру, жаңғырту, жаңадан жасау жұмыстары да, белсенді жүргізілгені белгілі. Алайда егемендіктің екпінімен, буырқанғаң сезіммен жасалған істерде асығыстық, ретсіздік болмай қоймады. Ақырында ұлттық оянудың алғашқы кезеңі аяқталып, мемлекеттік тіл мәселесі, өзінің терминдік, ономастикалық салаларымен қоса, дағдарысқа ұшырады. Аста-төк сезімнің, эмоцияның ұлы істерге дәрменсіз екені тағы да анықталды. Ұлттық оянудың алғашқы сатысында міндетті түрде болатын «сезімге бой алдыру» үрдісі қазір сабасына түсті. Енді саналы түрде салмақты зерттеулер жүргізу қажеттілігі туды. Қазақ тілін, оның ішінде ономастикалық кеңістігін де, Гераклдың Авдий ат қорасын тазалағаны сияқты, Кемал Ататүріктің түрік тілін араб-парсы элементтерінен аршығаны сияқты сүзгіден өткізу міндеті алдымыздан шықты. Осы бағытта жасалған бағдарлама, жоспарларда лексикамызды тазалау ұлттық тілде терминжасау, топоним жасау жұмыстарымен қатар жүргізілуге тиіс. Ғылымға эмоция мен саясатты араластырмау керек екені мәлім, бірақ қазіргі қазақ тілінің лексикасын «емдеу» үшін, саяси бағдарламалар құруға тура келеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|