Қостанай облысындағы ономастиканың өзекті тұстары
Жарасқан НАУРЫЗБАЕВ, Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бастығы
Қазақстанның солтүстік батысында жатқан Қостанай - Торғай өлкесінің топонимикасына облыстың алып жатқан жағрапиялық орны, оның халықтардың ұлы көшінің жолында, яғни тоқсан жолдың торабында жатқаны өзіндік әсер еткені белгілі. Топонимдерді халық тарихының айнасы десек, сол айнадан ел-жер тарихын, бұл өлкенің өткені мен бүгінгісін айқын көруге болады. Ономастика мәселелерімен айналыса бастаған жылдар ішінде ел-жер тарихын тереңдете зерттеу мақсатында XIX - XX ғ.ғ. жарық көрген облыстың жағрапиялық карталарын зерттеу барысында талай, бұған дейін бізге белгісіз жәйттерге көзіміз жеткендей болды. Осы өлкеде өткен талай тарихи уақиғалар ел топонимикасына өз ізін қалдырғаны сөзсіз. Сол іздерді, өткеннің жәдігерлерін зерделей келіп, біз облыстағы бүгінге дейін сақталған жер-су атауларын бес кезеңге бөлдік. Олар: І.Сақ-сармат дәуірінің атаулары; 2.Түрік-Монғол дәуірінің атаулары; З.Қазақ хандығы дәуірінің атаулары; 4.Отаршылдық пен Кеңес дәуірінің атаулары; 5.Тәуелсіз Қазақстан дәуірінің атаулары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|