Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 21 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін. 2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 637 тіркелген, «Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2007 жылғы 14 қыркүйек
Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес әзірленді. 2. Кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге құқықтың) ерекше нысаны, мұнда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (жеке) меншікте тұрады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншігінде тұрмайтын қалған бөлігі, оның ішінде жер учаскесі оларға ортақ үлестік меншік құқығында (өзге ортақ құқық) болады және бөлек (жеке) меншікте (өзге құқықта) тұратын жылжымайтын мүліктің бөлігінен бөлінбейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|