Магистральдық темір жол желісінің саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009.13.02. № 42-НҚ Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темір жол желісінің саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Н.Р. Жаманова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|