Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 729 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сабуров Дәлелхан Қамалбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары |
Айтбаева Елена Игоревна | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің алдын алу және ведомствоаралық үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары, хатшы |
Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
мына:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы |
Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан: Нүкенов Маратқали Ордабайұлы, Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы, Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Құсдәулетов Дулат Рашитұлы, Дүйсебаев Сержан Дәмебайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |