Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың (2009.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар: 1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 шілдеге және 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.10.11. № 1803 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|