2008/2009 оқу жылына мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарындағы мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 591 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Магистратурада 2008/2009 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев): 1) жоғары оқу орындары арасында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырмасын орналастыруын қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Қаржы департаменті (Т.Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған білім алушылар контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|