«Азаматтық авиацияның әуе кемелерінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын жүргізу және ұйымдастыру» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 476 бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, 7-1-бабының 4) тармақшасына және 24-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін: «Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша іс-шараларын жүргізу кезінде азаматтық авиацияның әуе кемелерін күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Министрі 2008 жыл 26 маусым
Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 17 маусымдағы № 350 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|