«Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 842/12 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» № 558, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулыларына сәйкес, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілсін. 1) 1-қосымшаға сәйкес «Жер телімдері туралы анықтамалар беру»; 2) 2-қосымшаға сәйкес «Жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу»; 3) 3-қосымшаға сәйкес «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану құқығына (жалға алу) актілерді ресімдеу»; 4) 4-қосымшаға сәйкес «Уақытша жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу»; 5) 5-қосымшаға сәйкес «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу»; 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары О. П. Крукке жүктелсін.
Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 686/14 қаулысымен бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Жер телімдері туралы анықтамалар беру»
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт жер телімдері туралы анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды: азаматта жер телімдерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны ішінара автоматтандырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|