№7-2-483-08 06.08.2008ж.
Маңғыстау облыстық өртке қарсы қызымет Департаментінің бастығы А.А.Жумашевқа
ҰСЫНЫС заң бұзушылықты жою туралы
Мұнайлы аудандық прокуратурасымен, Маңғыстау облыстық прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, Мұнайлы ауданы бойынша өртке қарсы қызымет бөлімінде «Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртібі туралы», Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі», жеке кәсіпкерлік саласындағы заңнаманың қолданысына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы» Заңнамаларының қолданысына тексеріс жүргіздім. Тексеру барысында анықталғандай Мұнайлы аудандық өртке қарсы қызымет бөлімімен (бұдан әрі - бөлім) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуына тексеру жүргізу кезінде мынадай заң бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ Статистикалық мәлімет бойынша, 31.05.2008 жылға дейінгі қортындысымен шаруашылық субьектілердің қызыметіне 17 тексеру туралы акт тіркелген болатын. «Жеке кәсіпкер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабының 3-10 тармақтарымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібіне сәйкес тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы акті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызыметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі және тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|