|
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2008 жылғы 19 тамыздағы жедел ақпараты
Өнеркәсіп. 2008 жылғы қаңтар-шілдеде 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Ең көп өсімге Атырау (19,8%), Жамбыл (14,7%) және Павлодар (9,7%) облыстары қол жеткізді. Мұның өзінде 4 өңір өнеркәсіп өндірісінің республикалық деңгейінен асып түсті. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің төмендеуі Ақмола (3,2%), Қарағанды (4,9%), Қызылорда (1,5%) облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында тиісінше, 15,4% және 10,2% байқалды.
2008 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуі (төмендеуі) (2007 жылғы қаңтар-шілдеге %-бен)
Шикі мұнай өндіру Атырау (22,9%), Жамбыл (5,9%) және Батыс Қазақстан (2,0%-ға) облыстарында өсті. Ақтөбе мен Қызылорда облысында ол, тиісінше, 2,4% және 3,5%-ға төмендеді. Газ конденсатын өндіру Маңғыстау (91,1%), Жамбыл (5,9%) және Батыс Қазақстан (2,0%-ға) облыстарында өсті. Қостанай облысында теміркенді шекемтастар өндірісі 9,9%-ға төмендеді. Мыс кенін өндіру Павлодар (2,5 есе) және Шығыс Қазақстан облыстарында (47,2%) өсті, ал Қарағанды облысында оны өндіру 6,0%-ға төмендеді. Болат қорыту Павлодар (40,5%), Қостанай (36,8%) облыстарында өсті, ал Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында оның өндірісі, тиісінше, 6,1% мен 7,5%-ға төмендеді. Өңделмеген мырыш өндіру Шығыс Қазақстан облысында - 1,0%-ға өсті, ал Қарағанды облысында өны өндіру - 2,1%-ға төмендеді. Тазартылған мысты қорыту Алматы қаласында (15,2%) және Қарағанды облысында 8,7%-ға төмендеді. Шығыс Қазақстан облысында жолаушыларға арналған жеңіл автомобильдер шығару 15,7%-ға төмендеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|