|
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы жедел ақпараты
Макроэкономикалық үрдістер. Жалпы ішкі өнімнің көлемі, жедел деректер бойынша, 2008 жылғы қаңтар-маусымда ағымдағы бағаларда 6949,2 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ-нің өсуі 2007 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,4% құрады. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі ЖІӨ-ден 44,2%, қызмет көрсету - 55,2% болды. Тұтыну бағаларының индексі 2008 жылғы шілдеде 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 8,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 5%, ақылы қызметтер - 5,2% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2008 жылғы шілдеде 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 38,9% өсті. 2008 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны, сараптамалық бағалау бойынша, 531,2 мың адамды, экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздық деңгейі 6,3%, оның ішінде жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген адамдар саны ағымдағы жылғы шілденін соңында 65,1 мың адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы олардың үлесі - 0,8%. Экономиканың нақты секторы.2008 жылғы қаңтар-шілдедегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 6294,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-шілдеден 3,3% көп. 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,8%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде - 9,4%-ға өсті, өңдеу өнеркәсібінде 0,9%-ға азайды. 2008 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 363,5 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,9% өсті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|