|
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Украина Есеп палатасы, Жоғары қаржылық бақылау органдары халықаралық ұйымының (INTOSAI) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өзара құрмет, сенім, тең құқықтық пен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын негізге ала отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы өз қызметтерінің тиімділігін арттыруға өзара ұмтылысын білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар өз құзыретінің шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады: а) мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы өз қызметтерін жүзеге асырудың әдіснамасы мен тәртібі саласында тәжірибе алмасу; б) кадрларды кәсіби оқыту және олардың біліктілігін арттыру саласында өзара іс-қимыл жасау; в) бірлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар және жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастыру және өткізу; г) өзара келісім бойынша бірлескен және қосарласқан бақылау іс-шараларын Тараптардың келісілген Бағдарламасына сәйкес жүзеге асыру; д) мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру мәселелеріне жататын ұлттық заңнамалық кесімдер, кәсіби ақпарат және әдістемелер алмасу. Тараптар өз құзыретінің шегінде өзара қызығушылық танытатын басқа бағыттардағы ынтымақтастықты дамытады.
Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің шеңберінде ақпараттар мен материалдар алмасу кезінде халықаралық ақпарат алмасуға қатысуды, мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғауды реттейтін өз мемлекетінің ұлттық заңнамасын басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|