Алматы қаласында азық түлік қауіпсіздігін және бағаны тұрақтандыруды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-II Заңына сәйкес, Елбасының Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляциялық үдерістерді ұстап тұру мәселелеріндегі Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1 .Аудан әкімдері мен Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Жетісу» НК СПК» АҚ, «Оңтүстік» НК СПК» АҚ, «Жер ана» ауылшаруашылық компаниясы» ЖШС сауда нүктелерін құра отырып төменгі бағамен ауылшаруашылық өнімдерін сату жөнінде қосымша орындар ұйымдастырсын. 2. «Жетісу» НК СПК» АҚ, «Оңтүстік» НК СПК» АҚ, «Жер ана» ауылшаруашылық компаниясы» ЖШС сауда нүктелерінің орналасатын аумағын бекітсін (1, 2 қосымша). З. Алматы қаласы ішкі істер департаменті (келісім бойынша) ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын қосымша орындарды күзетуді қамтамасыз етсін. 4. Алматы қаласы жол полициясы баскармасы (келісім бойынша) ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын қосымша орындарға бағыт алған жүк көліктерін ілестіруді және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. 5. Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі азық түлік қауіпсіздігін және бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жариялау туралы медиа-жоспарды әзірлеп, бекітсін. 6. Аудан әкімдері мен Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Жетісу» НК СПК» АҚ, «Онтүстік» НК СПК» АҚ, «Жер ана» ауылшаруашылық компаниясы» ЖШС сауда нүктелеріндегі баға қоюдың шекті деңгейін қадағалауға бақылау жасасын. 7. Алматы қаласы бойынша ҚР АШМ АПК КГИ аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы сатылатын өнімге мұқият ветеринарлық-санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|