Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында: «Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер» деген 1-бөлімде: мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын: «4) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.»; жиырма екінші абзацтағы «кредит беруді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруды» деген сөздермен толықтырылсын; мындай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын: «2-1) елдің азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету;»; жиырма сегізінші абзацтағы «шағын» деген сөзден кейін «және орта» деген сөздермен толықтырылсын; «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде: 2-тармақта: мәтіндегі «ШКДҚ» деген аббревиатура «ДАМУ» КДҚ» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзацта: «жобаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды» деген сөздермен толықтырылсын; «ЕДБ-нің филиалдық желісі» деген сөздерден кейін «және өзге де қаржы ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на (бұдан әрі - ШКДҚ)» деген сөздер «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға (бұдан әрі - «ДАМУ» КДҚ)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|