|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 1705 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 1705 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 578-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспеде «Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 16 маусымдағы № 2828 заң күші бар Жарлығының» деген сөздер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу ережесінде: 3-тармақта: 1) тармақшадағы «Фискальдық саясат және болжамдар департаменті» деген сөздер «Салық комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің» деген сөздер алып тасталсын; 12-тармақта «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің және», «аумақтық» деген сөздер алып тасталсын; 13-тармақта «аумақтық» деген сөз алып тасталсын 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |