|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы (2010.12.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1709 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.05. № 408 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Акрамұлы Әубәкіровке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға уәкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |