|
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен
2010 жылғы 8 сәуірдегі № 267-IV ҚР Заңымен ратификацияланды 2014 жылғы 14 наурызда күшіне енді 2013 жылғы 29 қарашада күшіне енді
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрі - Тараптар), 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын, 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімді, 2005 жылғы 5 шілдедегі Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер ынтымақтастығы тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, ұлттық заңнаманы, халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып, Тараптардың аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулар өткізудің құқықтық негіздерін құруға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: 1) оқу-жаттығулар - бір немесе бірнеше Тараптардың аумақтарында Тараптардың өкілетті органдары өткізетін терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулар; 2) оқу-жаттығуларға қатысушылар - терроризмге қарсы арнайы құралымдар бөлімшелерінің жеке құрамы, оқу-жаттығуларды басқару органының құрамына енгізілген адамдар; 3) терроризмге қарсы арнайы құралымдар - оқу-жаттығуларды өткізу үшін ұлттық заңнамаға сәйкес әрбір Тарап құратын мамандар топтары; 4) арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдары - терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу барысында қолданылатын қару-жарақ пен әскери техника, қару мен оқ-дәрілер, жабдықтар, байланыс құралдары, терроризмге қарсы арнайы құралымдардың жарақтары, техникалық, көліктік және өзге де арнайы құралдар мен материалдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|