Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі жедел ақпараты
Экономиканың нақты секторы. 2008 жылғы қаңтар-тамыздағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 7301,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 3,0% көп. 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,3%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде - 9,0%-ға өсті, өңдеу өнеркәсібінде 0,8%-ға азайды. 2008 жылғы қаңтар-тамыздағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 552,2 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 20,2% өсті. 2008 жылғы қаңтар-тамызда жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 1355,6 млн. тоннаны құрап, 2007 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,0% өсті. Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1527,6 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,7% артты. 2008 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 2174,9млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 9,7% артық. 2008 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 279134 заңды тұлғалар тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейінгілер - 263942. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар - 190897. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар - 176657 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері - 129835. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|