ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының қолданылуына прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 25 қарашадағы № 66 бұйрығымен № 2 қосымша
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Туралы» Заңының қолданылуына прокурорлық қадағалау жағдайы Туралы» статистикалық есепті құру және қалыптастыру туралы» НҰСҚАУЛЫҚ (2011.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының қолданылуына прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есеп (ары қарай -есеп) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының қолданылуын қадағалаудағы прокурор жұмысының барлық бағыттағы қадағалау қызметін бейнелейді. Есеп алғашқы есепке алу құжаттары мен материалдарының, ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде есептік мәліметтердің толықтығы мен анықтылығына жауапты қала, аудан прокурорларының (оларға теңестірілгендердің) қолы қойылып, құрылады. 2. Бас прокуратура аппараты, облыстық прокуратуралар (оларға теңестірілгендер) аудандық бөліністегі қалалық прокуратуралар бойынша, есепті бөлім бастығы құрады (басқарма, департамент). Онда ол өзі басқаратын бөлімдегі (басқарма, департамент) жұмыс нәтижесін бейнелейді және қол қойылған есепті жиынтық есеп құру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетіне (ары қарай - ҚСжАЕК) ұсынады, тиісінше облыстардағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің аймақтық басқармасы және оған теңестірілгендерге (ары қарай - ҚСжАЕБ ). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|