Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы
проблемалық мәселелерді талдау және шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі № 240-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы проблемалық мәселелерді талдау және шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Дерновой Анатолий Григорьевич | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі , жетекшінің орынбасары |
Оспанова Жанна Оспанқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасының бастығы, хатшы |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Омаров Қадыр Тоқтамысұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Қапақов Нұрлан Төлегенұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Исмайылов Жұмағали Қазыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры |
Мусин Ерік Мазанұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрағасы |
Нерсесов Александр Витальевич | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры |
Шарман Алмас Төрегелдіұлы | - «Ұлттық медициналық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Косухин Александр Борисович | - ЮНФПА-ның БҰҰ-ның Тұратын халық саласындағы қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы өкілі (келісім бойынша) |
Сельчонок Елена Владимировна | - ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы орынбасары өкілінің (келісім бойынша) |
Әбуова Гауһар Өміржанқызы | - ДСҰ-ның Елдік кеңсесінің Қазақстан Республикасындағы ДСҰ-ның ана мен бала жөніндегі бағдарламаларын үйлестіруші (келісім бойынша) |
Ивасив Иван Васильевич | - АҚШ-тың СиДиСи аурулардың алдын алу және бақылау орталығының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау департаментінің эпидемиолог дәрігері (келісім бойынша) |
2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы проблемалық мәселелерді талдау және шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |