Шығ.№ 12/15-08 5.02.2008 ж.
Маңғыстау облыстық сотының қадағалау алқасына
Наразылық қадағалау тәртібінде
Ақтау қалалық сотының 16.2.2004 жылғы үкімімен Бижигитов Мурат Жумашович, 27.08.1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы, Машат ауылында туған, қазақ, білімі жоғары, жанұялы, жұмыста жоқ, 1/ 23.09.1992 жылғы Түлкібас аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 132 бабы 2 бөлігімен 2 жылға шартты түрде, 2/ 26.03.1997 жылғы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 202 бабының 1 бөлігі, 76-2 бабының 3 бөлігі, 88 бабының 1 бөлігімен 14 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, тұрағы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Комарова көшесі, 2 үй, - ҚР ҚК-нің 259 бабының 4 бөлігі «б» тармағымен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 60 бабы қолданылып, бұрынғы өтелмеген жазасы ішінара қосылып, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының ерекше режимінде өтеуге сотталған. Қылмыстық іс апелляциялық сот сатысында 20.04.2004 жылы қаралып, үкім өзгеріссіз, сотталғанның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Сотталғанның кінәсінің дәлелденгендігі мен қылмыстық әрекетінің дәрежеленуі талас тудырмайды, алайда қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауына байланысты үкім жаза тағайындау бөлігінде өзгертілуге жатады. Іс құжаттарына сәйкес, Бижигитов 26.03.1997 жылы ҚазССР ҚК-нің 2002 бабының 1 бөлігі, 76-2 бабының 3 бөлігі, 88 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны еңбекпен түзеу колониясының күшейтілген режимінде өтеуге сотталған. 01.01.1998 жылға дейінгі қолданыста болған ҚазССР ҚК-нің 7-1 бабының талабына сәйкес, аталған Кодекстің 88 бабында көрсетілген қылмыс, яғни қасақана кісі өлтіру, ауыр қылмыс санатына жатқызылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|