|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 683 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлім: мынадай мазмұндағы 16-1-жолмен толықтырылсын: «16-1. «Нұрсат» акционерлік қоғамы 1,4 %»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлімде: реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |