|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы енгізілсін; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде: 7-тармақта «министрліктерінің» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |